Лас ауа және Альцгеймер дерті
Your browser doesn’t support HTML5
Оңтүстік Калифорния университеті (АҚШ) ғалымдары "лас ауа Альцгеймер ауруын қоздырады" деп мәлімдеді. Көлік түтіні, зауыттар мен электр станциялары қалдықтары - бұған басты себепкер. Ауасы өте лас маңда тұратын егде әйелдердің ақыл-есі кемуі ықтималдығы 81 пайызға, Альцгеймер не басқа деменцияға ұшыру қаупі 92 пайызға көп.