Хорватиядағы футбол клубының президенті Здравко Мамич елдің білім және ғылым, спорт министрі, ұлты серб Желько Йовановичті «хорват халқын жек көреді» деп айыптады. Ал хорват президенті Мамичтің сөзін «серб халқын қорлау» деп атады.
Бірқатар әлемдік ақпарат құралдарының жазуынша, «Динамо Загреб» футбол командасының президенті Мамич «Саундсет» радиосының эфирінде «Йовановичтің ұлты серб және ол Хорватияда министр болуға лайық емес. Ол бүкіл хорват халқын жек көреді» деп мәлімдеген.
AFP (Agence France-Presse) агенттігі Мамичтің Йованович туралы сөздерінен мынандай үзінді келтірген: «Бізге қараған кезде оның көзі қанталап кетеді. Ал күлген кезде оның тістері қантөгіске дайын тұрады. Ол серб ешқашан білім және спорт саласында жұмыс істемегендіктен, бұл құрылымды басқара алмайды».
Бұл сөздерді Мамич наурыздың 22-сі күні өтетін Хорватия мен Сербия футбол матчының алдында айтты.
Ертең Хорватия 2014 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі барысында Загреб қаласында Сербия құрамасын қабылдайды. Бұрын Югославия құрамында болған екі елдің құрамалары бір-бірімен алғаш рет кездеспек.
«СЕРБ ХАЛҚЫН ҚОРЛАУ»
Ал b92.net порталы «Сербияның спорт министрі Алиса Марич Мамичтің сөздерін «бұл - жек көрушіліктің ең сорақы түрі» деп бағалады. Марич хорват билігінен Мамичтің айтқан сөздерінен кейін екі ел арасындағы тарихи матч кезінде шу шығып кетпеуін қадағалауды сұрады» деп жазады.
Вalkaninsight басылымының жазуынша, Хорватия футбол федерациясы Мамичті тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарған. Ел президенті Иво Йосипович Мамичтің айтқандарын «дөрекілік әрі жабайылық», «Хорватиядағы серб ұлтының өкілдері мен бүкіл серб халқын қорлау» деп бағалаған.
«Хорватия полициясы Мамичті наурыздың 15-і күні тұтқындады. Ол келесі күні сотқа дейін түрмеден босап шықты. Сотта Мамичтің кінәсі толық дәлелденсе, ол үш жылға дейін сотталуы мүмкін» деп жазады Вalkaninsight басылымы.
ДАУДЫҢ БАСЫ - ВВВ
Вalkaninsight басылымы осыдан 23 жыл бұрын - «1990 жылы «Динамо Загреб» командасының Bad Blue Boys (BBB) атты жанкүйерлер клубы мен белградтық «Црвена Звезда» командасының фанаттары арасында қақтығыс болған еді. Бұл оқиға 1991 жылғы Балқан түбегіндегі этникалық жанжалға себеп болды» деп жазады.
Mail.com порталы «ВВВ мүшелері кейін түрлі этникалық қақтығыстарға да қатысқан. Ал қазір Загребте ВВВ мүшелеріне арналған ескерткіш бар» дейді.
Жақында ғана «Динамо Загреб» командасының тағы бір ерсі акциясы назарға түсіп қалды.
Команда билет сатудан түскен 94 мың АҚШ долларын әскери қылмыстары үшін Гаага сотының үкімін күтіп отырған хорват генералдарының атына аударған.
«ОЙЫНҒА СЕРБИЯЛЫҚ ФАНАТТАР КІРМЕЙДІ»
Mail.com «наурыздың 22-сі күні матч өтетін «Максимир» стадионында тәртіптің күшейтілетіні анық» деп жазды.
Ал «Сеница» сайтының дерегі бойынша, Хорватия мен Сербия футбол федерацияларының келісімімен Загребтегі ойынға сербиялық жанкүйерлердің кіруіне тыйым салынған. Билеттерді жанкүйерлер төлқұжаттарымен алып жатыр.
Егер сербиялық фанаттардың бірі стадионға кіріп кетсе, оған 600 еуродан бастап 1 мың 600 еуроға дейін айыппұл салынады немесе 30 күнге қамалады. УЕФА «жанкүйерлер арасындағы жанжалдар тағы қайталанса, екі елдің футбол құрамалары халықаралық жарыстардан шеттетіледі» деп мәлімдеді.