Иванишвили «Саакашвилидің тарихты жасаған сегіз жылдық өтпелі кезеңі болмағанда, мұндай сайлау өтуі мүмкін емес» екенін ескертіп, қарсыласына алғыс айтты.
Грузия сайлаудан бұрын хаостың қарсаңында тұрды. Елдің саяси болашағын айқындайтын 1 қазандағы парламент сайлауының алдында дауыстарды бұрмалады деген айтыс-тартыс басталып, оның соңы қарсылық шараларына, тіпті қақтығысқа ұласып кетеді деген болжам басым болды.
Алайда президент Михаил Саакашвилидің өзі жұрт алдына шығып, биліктегі «Біріккен ұлттық қозғалыстың» оппозиция блогы «Грузия арманынан» жеңіліп қалғанын мойындайды деп ойлаған адам аз болды.
2003 жылғы «Раушан революциясынан» бері елді посткеңестік кезеңдегі жаңа саяси даму сатысына көтерген Саакашвили жеңілісін мойындап тұрып ақпейіл, ымырашыл және бейтарап болып көрінді.
– Соңғы сегіз жылдағы, «Раушан төңкерісінен» кейінгі жетістіктеріміз Грузияның сан ғасырлық тарихындағы ең шешуші кезең болып қалады. Бұл кезең тек Грузия тарихы үшін ғана маңызды емес, Грузияны әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің санатына кіргізді, – деді Михаил Саакашвили.
Грузия президенті «алдағы айлар мен жылдарда бұл жетістіктерге қандай қатер төніп тұрғанына қарамастан, оларды ешкімнің жоққа шығара алмайтынына сенімді».
Лас сайлау кампаниясымен, түрмедегілерді азаптауға қатысты дау-дамаймен басталған, жаппай наразылық шараларымен ерекшеленген аса тартысты саяси додадан соң Саакашвилидің бұлайша сөйлеуі таңғаларлық жайт болды.
Тағы бір таңғаларлығы – «бұрмалаушылық болады» деп дабыл қағылғанына қарамастан, Саакашвилидің биліктегі мерзімін ұзартудағы ең соңғы мүмкіндігі деп есептелген сайлауға ЕҚЫҰ және Transparency International («Трансперенси интернэшнл») сияқты халықаралық ұйымдар оң бағасын берді.
Бюллетеньдердің 95,5 пайызын санаған Грузия орталық сайлау комиссиясының дерегіне қарағанда, оппозициялық «Грузия арманы» - 54,92 пайыз, биліктегі «Біріккен ұлттық қозғалыс» 40,35 пайыз дауыс алған.
ПУТИННІҢ ЖОЛЫНАН БАС ТАРТУ
Михаил Саакашвили келесі жылы, президенттік мерзімінің екінші кезеңі аяқталған соң, қылшылдаған 45 жасында орнынан кетуі тиіс. Бірақ кейбір сарапшылар «Саакашвили солтүстіктегі көршісі – Ресей президенті Владимир Путин 2008 жылы
ойлап тапқан, этика тұрғысынан күмәнді, бірақ саяси тұрғыдан тиімді әдісті пайдаланып, көп өкілеттілік берілген премьер-министр қызметіне ауысып алады» деп болжаған.
Грузия конституциясына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес президент өкілетінің біраз бөлігі парламент пен премьер-министрге беріледі. Саакашвилидің жақтастары да «ол он шақты жыл бұрын бастаған демократиялық реформаларын аяғына жеткізу үшін билікте қала бергені жөн» деген идеяны қисынсыз тықпалауға тырысып бақты.
Бірақ сарапшылар билікте ұзақ мерзімге қалудан дәмелі деп сипаттаған Саакашвилидің премьерлікке құлшынып тұрмағаны белгілі еді.
СААКАШВИЛИДІҢ ДӘУІРІ
Жаңашыл реформатор бола тұра соңғы жылдары авторитаризмге ұрынып, 2007 және 2011 жылдары үкіметке қарсы наразылық шараларын күшпен басқан Саакашвилидің президенттіктен түскеннен кейінгі жоспарлары айқын емес.
«Саакашвилидің жақсы-жаман қасиеттері аралас» дейді Кавказ жөніндегі сарапшы, Грузия туралы кітап авторларының бірі Сванте Корнелл. Ол 2008 жылғы Ресеймен болған соғыс туралы тарауда Грузия президентін сынаған.
Бірақ Саакашвили жаңа премьерлік қызметке ауысуы өзінің имиджіне қаншалық әсер ететінін жақсы түсінді. Ол өзін Путинмен салыстырғанды қаламайды. «Сіз Миша Саакашвилиді ұнатасыз ба, жоқ па - мәселе онда емес. Бірақ сіз оның саясаткер екеніне, саясаттағы жырынды дарынына күмәнмен қарамауыңыз керек. Ол – саяси түйсігі өте мықты адам. Оның президенттік кезеңіндегі қадамдарынан-ақ осыны аңғарасыз» дейді Корнелл.
«Мәселен, 2007 жылы қарашадағы көтерілістер мен басып-жаныштаудан соң Саакашвили биліктен уақытша бас тартып, жаңа сайлау тағайындады, сөйтіп онда жеңіп шықты. 2008 жылғы соғыстан кейін де оның беделі күрт құлдырады. Бірақ ол жағдайға бейімделіп, көтерілудің жолын таба білді. Қоғамдық пікір ауанына көз салсаңыз, соғыстан бір жарым жыл өткеннен кейінгі кезең оның рейтингі ең жоғары кез болғанын байқайсыз» дейді сарапшы.
БАТЫСТЫҢ ҚЫСЫМЫ
Саакашвили президенттік қызметте болған кезеңде АҚШ-пен тығыз қарым-қатынасты қатты бағалаған. Оны саяси авантюризмге барудан осы жағдай сақтап қалған сияқты.
Сайлау қарсаңында АҚШ мемлекеттік департаменті «Америка саяси сабақтастықтан гөрі халықтың пікірін жоғары қояды» деген сарындағы мәлімдеме
жасады. Мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон сайлаудың әділ де таза өтуі қажет екенін, Саакашвили келер жылы президенттіктен кетерде биліктің «жеңіл» ауысуына жол ашуы керек екенін айтқан.
2 қазанда президент Саакашвилидің жеңілісін мойындаған мәлімдесінен соң бірер сағат өтер-өтпестен АҚШ-тың Грузиядағы елшісі Ричард Норланд оны «Грузиядағы демократияны кемелдендірудегі жаңа бір маңызды кезеңдегі көшбасшылық рөлімен» құттықтап, «Грузия арманы» блогының тамаша нәтижелерін қуана құптады.
Сайлау қарсаңында Батыстың басқа ресми тұлғалары, соның ішінде НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен «сайлау кезіндегі лайықсыз әрекеттер немесе Саакашвилидің билікте қалуға деген ұмтылысы Грузияның НАТО-ға кіру мүмкіндігіне кері әсер етеді» деген еді.
Осындай халықаралық қысым жағдайында Саакашвилидің уақытша болса да Грузиядағы саяси биліктен кете тұрудан басқа амалы қалмаған сияқты.
Саакшвилидің буырқанған энергиясын ескере отырып, сарапшылар оны халықаралық деңгейдегі ірі қызметке барады не үкіметке қайтып келіп, Тбилисидің мэрі немесе Аджария автономиялық аймағының басшысы болады деп болжайды.
«Егер ол биліктен жуық арада кетсе, онда Саакашвилиге тарихта «өте жақсы» деген баға қойылады» деді сайлау қарсаңында берген сұхбатында Кавказ жөніндегі сарапшы Том де Ваал. Ол Саакашвилидің жетістіктері ретінде президенттігінің бастапқы кезеңіндегі реформаларын, ұлттық полициядағы тазартуларды, жемқорлықты жоюын, білім беру жүйесін өзгертуін, шетелдік инвестиция тарту және мемлекет құру шараларын атап өтті.
– Ол Грузия үшін трансформациялық тұлға болды. Қазір елдегі кез келген саланы алып қарайтын болсақ, жағдай ол билікке келгендегіден әлдеқайда жақсы, – дейді Том де Ваал.
ФОТОГАЛЕРЕЯ: Сайлаудан кейінгі Грузия
ОППОЗИЦИЯ ЕЛДІ БАСҚАРА АЛА МА?
Саакашвилидің мұрасы елдің алдағы саяси дамуына да оң әсер ететіні сөзсіз. Грузия алғаш рет сайлау жолымен билікті тапсырып жатыр. «Біріккен ұлттық қозғалыстың» орнын басатын «Грузия арманы» қозғалысы үкімет басқара ала ма, жоқ па - мәселе сонда.
Алты партиядан құралған, миллиардер Бидзина Иванишвили басқаратын коалиция
сайлау кезеңінде партиялық риторикаға бой алдырып, Саакашвили тобының қысымының арқасында ауызбірлікте болды.
Алайда Иванишвилидің мойнында қазір үлкен жүк тұр: ол ұлтшылдар мен орташыл оппозиционерлерден, Саакашвили тұсында өсіп-жетілген амбициясы зор батысшыл реформаторлардан тұратын коалиция өкілдерімен тіл табысып, үкіметтегі қызметтерді бөліске салуы керек.
Сарапшылар «Грузия арманы» басына бақ қонған 56 жастағы Иванишвилидің уақытша көсемдігінің күшімен тұр, енді ол қызғылт-сары төңкерістен кейінгі Украинадағы сияқты парламенттегі қырықпышақ топтарға ыдырап кетуі ықтимал деп болжайды.
Премьер-министрліктен үміткер болып отырған Иванишвили бөлшектену мүмкін екенін жоққа шығармайды, коалиция үш не одан да көп партиялық фракцияға бөлінуі ықтимал дейді. «Әу бастан-ақ мен бір партиялы парламент болмауына күш салдым, болашақта да мұндайды болдырмаймын» деді ол қазанның 2-сінде берген сұхбатында.
Саяси айтыс-тартыста қызбалыққа салынған Иванишвили президент Саакашвилиді қызметтен кетіп, ерте сайлау өткізуге шақырды. Бірақ мұның алдында ол өзінің билікке келуіне жағдай жасағаны үшін Саакашвилиге алғыс айтқан. «Саакашвилидің сегіз жылдық өтпелі кезеңі болмағанда, мұндай сайлау өтпес еді» деді ол.
– Грузия халқы жоғары мәдениеті мен көрегендігін көрсетті, барлығы халық пен мемлекетіміз қалағандай жүзеге асты. Меніңше, бүгін Грузия тарихында ерекше бір өнеге боларлық оқиға болды: ұзақ жылдық тарихымызда біз үкіметті сайлау жолымен өзгерттік, – деді Иванишвили.