Атын жасырған хакер заңсыз тәсілдерді қолдана отырып, әлемдегі компьютерлердің "интернет белсенділігін" көрсететін карта жасап шықты. Ал Facebook-тың хакерлер жарысын ресейлік програмист ұтып алды.
Ол әлемдегі IPv4 протоколын қолданатын, вирустардан қорғалмаған 420 мың компьютерден ірі желі (ботнет) құрастырып, құрылғыларға қолданушылардың келісімінсіз бағдарлама жүктеген.
Хакер сол бағдарлама арқылы жүздеген мың компьютерлерді бақылауға көшкен.
Анимация түріндегі карта тәулік бойы IP адрестердің қолданылу белсенділігін көрсетіп тұрады.
IPv4 - интернет-протоколдардың төртінші нұсқасы. Ондағы сандар жүйесі арқылы интернеттегі құрылғыларды анықтауға болады.
Жаңадан шыққан IPv6 интернет-протоколы IPv4-ті алмастырып жатыр, бірақ IPv4 әлі де интернет байланыстың көбін атқарады.
Интернет-протокол, қарапайым тілмен айтқанда, компьютерлер арасындағы мәліметтер алмасу «тілін» білдіреді. Ол компьютерлердің бір-бірімен байланысуы үшін керек.
Анонимді хакер заңсыз тәсілдерді тек деректер жинау үшін ғана қолданғанын айтып ақталады. Ол өзі жасаған бағдарлама "ешбір құрылғыға зиян тигізбейтінін, жүктелгеннен кейін бірнеше күннен соң жойылып кететінін" айтады.
"Түймені бір-ақ рет түртіп, бүкіл интернетті, жүздеген мың құрылғыны басқарып, сканерлеп, карта жасау мүмкіндігі пайда болды. Маған дейін мұны ешкім істемеген" дейді хакер.
Бұған қоса, жүктелген бағдарламада Readme ("Мені оқы") атты файл болған. Онда хакер жобаның мақсатын түсіндіріп, тіпті сұрақ жолдайтын адамдарға электрондық адресін де қалдырған.
Ал сарапшылар "жүздеген мың компьютердің хакерлердің қолына оп-оңай түсуі - компьютерлердің соншалықты қорғансыз екенін көрсетеді" деген ой түйеді.
ХАКЕРЛЕР САЙЫСЫ
Ал әлемдегі ірі компаниялар хакерлер арасында жыл сайын сайыс өткізуді дәстүрге айналдырған.
Өткен демалыс күндері Facebook компаниясының жыл сайынғы Hacker Cup жарысының жеңімпазы белгілі болды.
Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі, қазіргі кезде Google компаниясында жұмыс істейтін Петр Митричев Facebook-тың жүлдеге қойған 10 мың АҚШ долларын ұтып алды.
Осылайша Ресей Hacker Cup-ты қатарынан үшінші жыл ұтып отыр.
Петр Митричев 2011 жылғы жарыста да жеңімпаз атанған еді. Ал 2012 жылы програмист Роман Авдеев ұтқан.
Ақпарат бойынша, Facebook байқауына жыл сайын сегіз мыңға жуық програмист қатысады. Биылғы конкурстың финалына 26 програмист шыққан. Олардың әрқайсысына тапсырманы орындау үшін екі сағат уақыт берілген.
«Хакинг - Facebook мәдениетінің мәйегі. Facebook-тың көптеген жаңа функциялары қызметкерлер арасында өткізілетін хакатондардың арқасында пайда болады» делінген әлеуметтік желінің көпке таратқан баспасөз баяндамасында.
http://www.youtube.com/embed/BxBwqqZBfCc
(Мақала Америка дауысы материалы негізінде жазылды)