Олимпиадаға қатысатын Қазақстан спортшылары
Қазақстандық Никита Копыренко (шана спорты) Пхенчханда жаттығу өткізіп жатқан сәт. 7 ақпан 2018 жыл.
Мәнерлеп сырғанаудан 2016 жылы жасөспірімдер арасындағы олимпиадада қола алған 17 жастағы Элизабет Тұрсынбаева ересектер арасындағы олимпиадаға алғаш рет қатыспақ.
Мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасында қола алған Денис Тен "тарихи отанындағы олимпиадада мүлде басқа нәтиже көрсетіп, жанкүйерлер есінде қалғысы келеді".
Қазақстандық Галина Вишневская мен Максим Браун желтоқсанда Швецияда өткен әлем кубогының кезеңінде қола медаль алған сәті. Бұл Қазақстанның биатлон спортынан әлемдік жарыста алған алғашқы медалі. Екі спортшы да Пхенчхан ойындарына қатысады.
Биатлоншы Галина Вишневская "Пхенчханда карьерасындағы ең үздік нәтижесін көрсетуді қалайды".
Қазақстандық жанкүйерлердің көбі шаңғышы Алексей Полтораниннен медаль күтеді. Спортшы бұл олимпиадаға Қазақстан құрамасынан бөлек Эстония және Еуропа елдерінде дайындалған.
Алексей Полторанин төртінші олимпиадасына қатыспақ. Олимпиададағы ең үздік нәтижесі - бесінші орын.
Фристайлшы Юлия Галышева карьерасындағы үшінші олимиадасына қатысады.
Галышева Пхенчхандағы ойындарда алғашқы үштікке енуді жоспарлайды.
Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Ажғалиев (көк формада) ұстап шығады.
Қазақстандық шорт-трекші Нұрберген Жұмағазиев (көк формада) былтыр әлем кубогы кезеңдерінде алтын және қола медаль иеленген. Биылғы әлем кубогы кезеңдерінде финалға шыға алмады. Дегенмен, спортшы "Пхенчхандағы олимпиадада барын салмақ".
Оңтүстік Кореяда туған Ким Лонг А (64) бұл олимпиадаға Қазақстан атынан қатысады. Оның командаласы Анастасия Крестова (34) да жүлдеге таласпақ.
Шорт-тректен былтыр әлем кубогы кезеңдерінде алтын алған Денис Никиша (12) Пхенчханда жекелей және эстафеталық жарыста сынға түседі.
Фристайлдың акробатика түрінен Сочи олимпиадасында қола алған Жанбота Алдабергенова Пхенчханда "нәтижесін жақсартқысы келеді".
Фристайлшы Аяна Жолдас олимпиадаға алғаш рет жолдама иеленді.
Конькиден 2013 жылғы әлем чемпионы Денис Кузин қатарынан үшінші рет олимпиадаға қатыспақ.
Қазақстандық конькиші Екатерина Аидова үшінші олимпиадасына келді.
Қазақстандық Игорь Закурдева олимпиадада тау шаңғысынан жарысқа қатысады. Сочиде ол 33-орын алған.