Лондон олимпиадасына Қазақстан атынан 114 спортшы қатысады. Соңғы жолдаманы садақ ату спортының шеберлері мен жеңіл атлеттер ұтып алды.
Садақ атудан АҚШ-тың Огден қаласында өткен әлем кубогының үшінші кезеңінде Денис Ганькин мен Анастасия Баннова (Пекин олимпиадасына да қатысқан) алғашқы ондыққа еніп, Лондон лицензиясын иеленді.
Ал жеңіл атлетикадан Алматыда өткен «Азия жұлдыздары» халықаралық жарысында Қазақстан тағы 7 жолдамаға ие болды.
«СПОРТТЫҚ АССАМБЛЕЯ»
Шілденің 3-і күні Астанада спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев спортшыларды қабылдап, оларға олимпиаданың ашылу салтанатында киіп шығатын киімдері мен куәліктерін табыстады. Ал ту ұстаушы Нұрмахан Тінәлиев бүкіл спортшылардың алдында олимпиадалық ант қабылдады.
Шілденің 4-і күні Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев олимпиада ойындарына қатысатын спортшыларды қабылдады.
- Бүкіл Қазақстан сияқты біздің спорттық командамыз - көпұлтты. Бұл - Қазақстан халқының спорттық ассамблеясы. Бұл өте маңызды әрі өте қажет. Яғни бүкіл Қазақстан сияқты достықпен, бір командамен өнер көрсету және де жеңіске жету қажет, - деді президент Нұрсұлтан Назарбаев.
ЖАҢА ФОРМАНЫҢ ДАУЫ
Осы аптада Лондон олимпиадасына қатысатын спортшыларға арнап тігілген жаңа форма дайын болды. Бірақ спортшылар мен жанкүйерлердің кейбіріне дизайнер Құралай Нұрқәділова тіккен форма ұнамады.
– Олимпиадаға барғалы жатқан сайыпқырандарымызға тігілген киіммен әлемде, мейлінше, дамыған озат елулікке кіру қиын. Демек, бұл мемлекеттік бағдарламаға
қарсы ойластырылған тактикалық саботаж да болуы мүмкін. Түңілдіретіні – құзырлы ведомство «приемканы» (киім үлгісін қабылдау алу шарасын – ред.) қалай өткізген, қалай мақұлдаған?! Мемлекеттік тапсырыс емес пе, миллион-миллион қаржы кетті емес пе имидждік өнімге... Олимпиада басталмай жеңіліп жатырмыз, – дейді спорт жанкүйері Нұрғиса Асылбеков Facebook әлеуметтік желісінде.
Осы жазбаға жауап жазған Ербол Азанбек есімді интернет қолданушы:
– Бірінші жақсы жағын іздейінші деп, «лупамен» қарадым. Жақсы жағы жоқ. Бұл киімнен гөрі барахолкадан 5 мыңдық спорттық киім алып бере салған дұрыс еді. Қазақстанның имиджіне үлкен минус келтіреді, – дейді.
Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиев те қазақстандық ақпарат құралдарына берген сұхбатында форма ұнамағанын айтады.
– Форманың сапасы ұнамады. Бәрімізге таратып берді. Тігер алдында
өлшемдерімізді алған. Бірақ біреуге үлкен, біреуге кішкентай. Ал маған берген шалбардың өлшемі үлкен. Тігілген материалы да ұнамады. Бірақ дизайны жақсырақ. Егер маған тігуге мүмкіндік берсе, басқаша тігер едім. 1996 жылғы олимпиадаға барғандардың формасы әдемі болыпты. Өзіме 2006 жылғы Азия ойындарына киіп барған форма ұнаған еді, – дейді боксшы.
Бірақ бұл форманың дизайын жасаған Құралай Нұрқәділова «киім еркін стильде тігілгенін» айтты.
– Қазақстан спортшылары осыған дейінгі жарыстарға ресми костюмдер киіп шыққан. Биыл еуропалық стильді таңдадық. Классикалық көйлек, шалбар, галстук және туфлидің барлығы спорттық куртка мен кепка арқылы үйлесім табады. Бұл киім еркін стильде тігілді, – дейді ол.
Олимпиадаға қатысатын спортшылар саны
(2012 жылдың 3 шілдесі күнгі дерек)
Садақ атудан АҚШ-тың Огден қаласында өткен әлем кубогының үшінші кезеңінде Денис Ганькин мен Анастасия Баннова (Пекин олимпиадасына да қатысқан) алғашқы ондыққа еніп, Лондон лицензиясын иеленді.
Ал жеңіл атлетикадан Алматыда өткен «Азия жұлдыздары» халықаралық жарысында Қазақстан тағы 7 жолдамаға ие болды.
«СПОРТТЫҚ АССАМБЛЕЯ»
Шілденің 3-і күні Астанада спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев спортшыларды қабылдап, оларға олимпиаданың ашылу салтанатында киіп шығатын киімдері мен куәліктерін табыстады. Ал ту ұстаушы Нұрмахан Тінәлиев бүкіл спортшылардың алдында олимпиадалық ант қабылдады.
- Бүкіл Қазақстан сияқты біздің спорттық командамыз - көпұлтты. Бұл - Қазақстан халқының спорттық ассамблеясы. Бұл өте маңызды әрі өте қажет. Яғни бүкіл Қазақстан сияқты достықпен, бір командамен өнер көрсету және де жеңіске жету қажет, - деді президент Нұрсұлтан Назарбаев.
ЖАҢА ФОРМАНЫҢ ДАУЫ
Осы аптада Лондон олимпиадасына қатысатын спортшыларға арнап тігілген жаңа форма дайын болды. Бірақ спортшылар мен жанкүйерлердің кейбіріне дизайнер Құралай Нұрқәділова тіккен форма ұнамады.
– Олимпиадаға барғалы жатқан сайыпқырандарымызға тігілген киіммен әлемде, мейлінше, дамыған озат елулікке кіру қиын. Демек, бұл мемлекеттік бағдарламаға
Осы жазбаға жауап жазған Ербол Азанбек есімді интернет қолданушы:
– Бірінші жақсы жағын іздейінші деп, «лупамен» қарадым. Жақсы жағы жоқ. Бұл киімнен гөрі барахолкадан 5 мыңдық спорттық киім алып бере салған дұрыс еді. Қазақстанның имиджіне үлкен минус келтіреді, – дейді.
Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиев те қазақстандық ақпарат құралдарына берген сұхбатында форма ұнамағанын айтады.
– Форманың сапасы ұнамады. Бәрімізге таратып берді. Тігер алдында
Бірақ бұл форманың дизайын жасаған Құралай Нұрқәділова «киім еркін стильде тігілгенін» айтты.
– Қазақстан спортшылары осыған дейінгі жарыстарға ресми костюмдер киіп шыққан. Биыл еуропалық стильді таңдадық. Классикалық көйлек, шалбар, галстук және туфлидің барлығы спорттық куртка мен кепка арқылы үйлесім табады. Бұл киім еркін стильде тігілді, – дейді ол.
Your browser doesn’t support HTML5
Олимпиадаға қатысатын спортшылар саны
(2012 жылдың 3 шілдесі күнгі дерек)
№ | Спорт түрі | Жолдама ұтқан спортшылар саны | Жолдамалар саны |
1 | Ауыр атлетика | 8 | 8 |
2 | Байдарка және каноэ есу | 4 | 3 |
3 | Таэквондо | 3 | 3 |
4 | Велошоссе | 2 | 3 |
5 | Есу слаломы | 1 | 1 |
6 | Спорттық гимнастика | 2 | 2 |
7 | Көркем гимнастика | 1 | 1 |
8 | Нысана көздеу | 2 | 2 |
9 | Стендтік ату | 1 | 1 |
10 | Су добы | 13 | 1 |
11 | Бокс | 9 | 9 |
12 | Семсерлесу | 3 | 3 |
13 | Синхронды жүзу | 2 | 1 |
14 | Академиялық есу | 2 | 2 |
15 | Еркін күрес | 7 | 7 |
16 | Әйелдер күресі | 3 | 3 |
17 | Грек-рим күресі | 5 | 5 |
18 | Дзюдо (ерлер мен әйелдер) | 9 | 9 |
19 | Әйелдер боксы | 2 | 2 |
20 | Қазіргі бессайыс | 2 | 2 |
21 | Ашық суда жүзу | 1 | 1 |
22 | Теннис | 3 | 5 |
23 | Садақ ату | 2 | 2 |
24 | Жеңіл атлетика | 25 | 25 |
25 | Жүзу | 2 | 3 |
Барлығы: | 114 спортшы | 104 жолдама |