Головкин-Мюррей кездесуі
Геннадий Головкин мен Мюррейдің кездесуінен көрініс. Монте-Карло. 22 ақпан 2015 жыл
Геннадий Головкиннің төртінші раундта Мартин Мюррейді құлатқан сәті. Мюррей бұл соққыдан ес жиып, кездесуді жалғастырды.
50 жастағы қарағандылық Алтай Кенжетаев (суретте ортада тұр) Головкин-Мюррей жекпе-жегіне келу үшін бір жылдай ақша жинағанын айтады. "Головкиннің былтырғы жекпе-жектеріне баруға мүмкіндік болмады. Биыл қалайда осы кездесуге барамын деп мақсат қойып, арнайы келдім. Бір Қарағандының өзінен Головкинді қолдауға 30 шақты адам келдік. Бүгін Головкин жеңетініне сенемін. Бірақ кездесу ерте аяқталмаса деймін. Біраз шоу көргіміз келеді " деді ол.
Шымкенттік 57 жастағы Әбдімәжит Сыздықбеков (суретте сол жақта) өзін Геннадий Головкиннің "нағыз жанкүйерімін" дейді. Ол Головкиннің бала кездегі жекпе-жектерінен бастап әлем чемпионаты мен олимпиада кездесулеріне дейін мұқият көріп жүрген. Ал осы жолы Головкиннің Монакодағы жекпе-жегіне арнайы келген. "Головкиннің бұрын киген шапаны өзбектікі деп көп дау туды. Сондықтан осы кездесуге арнайы қымбат матадан шапан тігіп алып келдім. Командасына тапсырдым. Бұйырса, алдағы уақытта Головкин сол шапанды киіп шықса деймін. Ал бүгінгі кездесуде Головкин бесінші раундқа жеткізбей жеңуі керек" деді жанкүйер.
Головкин рингке шымкенттік 57 жастағы Әбдімәжит Сыздықбеков сыйлаған шапанмен шықты.
Бұл жекпе-жекте Головкин 815 соққы жұмсап, оның 292-сін дөп тигізген. Ал Мюррей 469 соққы жасап, 131-ін дәл тигізген.
11-раундта Мюррейдің басы мен денесіне Головкиннің жасаған үдемелі соққыларынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Матчты көруге келген қазақ жанкүйері Головкиннің жеңісіне қуанып тұр.
Головкин фанаттары отырған сектор. Монте-Карло, 22 ақпан 2015 жыл.
Бәсекелесінен жеңілген соң британдық Мартин Мюррей: "Қолымнан келген әдістің бәрін қолдандым. Шыдадым, тырыстым. Бірақ талпынысымнан ештеңе шықпады. Головкиннің шеберлігі өте жоғары" деді.
"Мюррей - мықты қарсылас. Кездесуді жетінші раундқа дейін созу, кейін нокаутпен жеңу басты тактикам болды" деді бүгінгі жекпе-жек жеңімпазы Геннадий Головкин.