Олимпиаданың ашылу салтанаты
Ашылу салтанаты басталған сәттегі отшашу. Салтанатты шара 35 мың адам сияқтын Пхенчхан олимпиадалық стадионында өтті. Стадионның төбесі жабылмаған.
Ашылу салтанатының басында стадионға айдаһар және...
ақ жолбарыс шықты. Айдаһар мен жолбарыс корей халқының символы саналады.
Корей ұлттық биін билеп жатқан өнерпаздар.
Ашылу салтанатында корей халқының ұлттық өнеріне көп мән берілді.
Ғарыш пен жердің байланысын көрсеткен шоу.
АҚШ вице-президенті Майк Пенс пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның қарындасы Ким Е Чон олимпиаданың ашылуын тамашалап отыр.
Ашылу салтанатында әр елдің делегациясы шыққанда ортадағы шеңберде елдің туы және стадиондағы орындықтарда елдің аты француз, ағылшын және корей тілінде шықты. Орындықтардың жанында арнайы электронды шамдар орнатылған.
Қазақстан делегациясы атлеттер шеруінде. Ту ұстаушы Абзал Ажғалиев қазақтың ұлттық киімін киіп шықты.
Қырғызстаннан олимпиадаға екі спортшы қатысады.
Өзбекстаннан да екі спортшы жолдама алған.
Косово тәуелсіз ел ретінде қысқы олимпиадаға алғаш рет қатысып жатыр.
Ресей олимпиадалық спортшылары атлеттер шеруінде. Ресей бұл жарысқа Халықаралық олимпиада комитеті туы астында қатысады.
Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея ашылу салтанатында "Корея" болып шықты. Туды екі елдің спортшысы бірге ұстап жүрді.
Олимпиада ашылуының "Болашақ әлем" тақырыбына арналған бөлімі
Ашылу салтанатынан көрініс.
Ашылу салтанатының екінші бөлігі жаңа технологияларға арналды.
Ашылу салтанатындағы шоу.
Ванкувер олимпиадасында алтын алған оңтүстік кореялық мәнерлеп сырғанаушы Ким Юна олимпиада алауын жақты.
Олимпиада алауы тұтанар сәт.
Олимпиада алауы тұтанған сәт.
Олимпиада басталды. Қысқы ойындар 25 ақпанда жабылады.