Өзбек президентінің қызы және қаржы былығы

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова. Ташкент, 30 қыркүйек 2012 жыл.

Францияда Гүлнара Каримоваға және «инвестиция салу арқылы ақша жымқырған» деген айыппен қазір Швейцарияда қамауда отырған өзбек кәсіпкерлеріне қатысты жаңа құжаттар табылды.

Франциядағы швед журналисі Ола Вестерберг Өзбекстанның автократ президенті Ислам Каримовтың миллионер қызы Гүлнара Каримованың ісіне қатысты жаңа құжаттарды тапты. Қазір Өзбекстан азаматы Каримова Швейцария мен Швецияда жасаған қаржылық қылмыстар үшін тергеуге тартылып жатыр.

ҚОЛ ҚОЮШЫЛАР – КАРИМОВА МЕН ЕРГЕШЕВ

Францияда жылжымайтын мүлік сатып алу үшін толтырылған кем дегенде сегіз түрлі құжатта екі компанияның директоры және қожайыны ретінде Coca Cola компаниясының Өзбекстандағы құрылтайшысы Алишер Ергашев пен Гүлнара Каримованың қолдары қатар қойылған.

Швецияның Tidningarnas Telegrambyra (TT) деп аталатын жаңалықтар агенттігі қолға түсіріп, Азаттық радиосына берген құжатта 2009 жылдың қыркүйегі мен 2011

Гүлнара Каримованың да қолы қойылған құжат.

жылдың мамыр айы аралығындағы деректер көрсетілген.

Құжаттар Францияның жария жұмыс жасайтын тіркеу кеңсесінен алынған.

Олардың көрсеткен дерегі бойынша, Гүлнара Каримова мен Алишер Ергашев Францияның Ривьера өңірінен жылжымайтын мүлік сатып алу үшін кем дегенде бір құжатқа қол қойған.

Олар сонымен қатар компанияның мекен-жайы Париждің батыс бөлігіндегі 16-үй деп көрсеткен. Бұл жер – қаланың қалың ағаштар өсіп тұрған, Авеню дю Женераль Монури, 1 (1, Avenue du General Maunoury) деп аталатын сәулетті аумағы. Бұл аудандағы пәтердің бір шаршы метрі

Компанияның тұрағы жазылған құжат.

әдетте 19 мың доллар мен 38 мың доллар арасында сатылады.

Кейінірек компанияның орыны Boulevard Pereire деп аталатын мекен-жайдағы айналасы тыныш 17-үйге ауыстырылған.

Құжатта азғантай ғана үлесі бар акционер ретінде Ирина Емельянова есімді әйел адам тіркелген. Емельянова жайында бұдан өзге ешқандай дерек жоқ.

ІЗДЕУДЕ ЖҮРГЕН ТӨРТ АЗАМАТ

Франциядан табылған құжаттар өте маңызды. Себебі бұл құжаттар Швеция мен Швейцарияда жұмыс жасайтын MTС (Ресей) және Finnish TeliaSonera (Швеция) телекоммуникациялық компанияларының қызметіне орай тексеріліп жатқан

Гүлнара Каримованың аты-жөні бар құжат.

қылмыстық іске қатысы бар төрт өзбек азаматымен және Гүлнара Каримовамен байланысты.

Төрт өзбек азаматының екеуі – Алишер Ергашев пен Coca Cola компаниясының Өзбекстандағы тағы бір құрылтайшысы Шорхур Сабиров Женевада биыл 30 шілде күні «ақша жымқырды» деген айыппен тұтқындалған. Қазір екеуі де қамауда отыр.

Тергеу ісіне тартылған үшінші өзбек азаматы Бекзод Ахмедов – МТС-тің Өзбекстандағы филиалының бұрынғы директоры.

Швейцария тергеушілерінен сыртқа шығып кеткен құжатқа қарағанда, Женевадағы Lombard Odier банкінің басшылары банкке клиент болып жүрген Ахмедовтың алаяқтық жасағаны үшін "Интерпол" тізімінде тұрғанын біліп қойған соң оның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Швейцария бас прокуратурасының өкілі Азаттыққа бұл құжаттың растығын дәлелдеді.

"Интерпол" Өзбекстаннан қашып кеткен Ахмедовты өзбек үкіметінің талабымен іздеуде жүргендердің тізіміне қосқан. Іздеу салынғандар арасында МТС басшылары мен Өзбекстанның мемлекеттік қызметкерлері де бар.

Ахмедов пен Каримованың арасында бизнеске қатысты байланыстың барына нақты ешқандай дәлел табылмаса да, Швейцарияның қаржы полициясы Бекзод Ахмедовті «Гүлнара Каримованың жақын серігі» деп сипаттайды. Дәл қазір Ахмедовтің қайда жүргені белгісіз.

Төртінші өзбек азаматы Гаяне Авакян – Takilant Limited компаниясының қожайыны. Бұл компанияны «Өзбекстанның ұялы телефон нарығына кіруге көмектескені үшін

Гаяне Авакян мен Гүлнара Каримованың байланысын суреттейтін карта.

және фирма ашуға лицензиялар бергені үшін TeliaSonera фирмасынан ақша алған» деп айыптап жатыр.

Швецияда қыркүйек айында осы іске байланысты эфирден арнайы хабар берілді. Тергеушілер «TeliaSonera фирмасы 2008 жылы Өзбекстан нарығына кіру үшін Гибралтардағы Takilant фирмасының филиалына 320 миллион доллар төлеген» деп хабарлады.

TeliaSonera бас кезінде «біз 2007 жылы Tacilant фирмасынан 3G лицензиясын және телефон нөмірлерін 30 миллион долларға сатып алдық» деп мәлімдеген. Бірақ TeliaSonere қызметін теріс мақсатта пайдаланбағанын, қандай да бір қателік жібергенін жоққа шығарып отыр. Takilant Limited компаниясының қожайыны, қазір Ташкентте тұратын Гаяне Авакян – Өзбекстан астанасындағы «Дом стиля» (иесі Гүлнара Каримова) деп аталатын сән үйінің директоры. Ол талай рет Каримовамен бірге суретке де түскен.

«ШВЕЙЦАРИЯДАҒЫ ЕҢ БАЙ ӘЙЕЛ»

Швеция прокуратурасы қазан айының басында Takilant фирмасының швед банкіндегі 30 миллион долларын құрсаулап тастады. Банктегі ақшаны аударып алуға Швециядағы Takilant фирмасының өкілдері ретінде көрсетілген Авакян мен Ергашев екеуі де құқылы.

Ал Швейцарияның билік өкілдері «біз осы тергеу ісіне тартылған барлық төрт Өзбекстан азаматының банктегі есепшоттарын құрсауладық» деп хабарлады.

Есепшоттағы қаржы көлемі бірнеше жүз миллион долларға жетіп жығылады. Lombard Odier банкі сияқты басқа да банктерде олардың қаражаттары сақтаулы жатуы мүмкін.

Франциядағы құжаттарды тапқан ТТ агенттігінің тілшісі Ола Вестерберг

Гүлнара Каримова ауқатты адамдардың мейрамында жүр. Италия, 9 тамыз 2012 жыл.

Takilant-тың Швеция банкінде құрсауланып қалған ақшасы әу баста Швейцария банкінен аударылып келгенін айтты.

40 жастағы Гүлнара Каримованың есеп-шотында шамамен 500 миллион доллар бар. Каримованың есімі үнемі Швейцариядағы ең бай әйелдердің тізімінде жүреді. Сән дизайндарын жасап, поп музыка жазып, Өзбекстандағы қайырымдылық ұйымдарының жұмыстары кезінде көзге түсіп жүретін Өзбекстан президентінің қызы БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінде өз елінің елшісі қызметін де атқарады.

Гүлнара Каримованы Орталық Азиядағы адам құқықтарын ең көп таптайтын, 74 жастағы автократ әкесі Ислам Каримовтың орнын басатын тақ мұрагері ретінде қабылдайтындар да бар.

(Мақала Азаттық журналистері Фарах Юсупов пен Дейзи Синделардың материалдары негізінде әзірленді).