"Еркіндігімнен айырылғым келмейді". Әйелдер маршын өткізу үшін күресіп жүрген Ақторғынмен әңгіме
Your browser doesn’t support HTML5
Алматыда ақпанның басынан бері жалғыз адам пикеттері өтіп жатыр. Талап – 8 наурызда әйел құқығы мәселесін көтеретін марш өткізуге рұқсат беру. Әйел құқығын қорғаушылар марш өткізуге жергілікті әкімдіктен рұқсат ала алмағандықтан осындай амалға барып отыр. Азаттық радиосының "Зере" подкасының бүгінгі қонағы – Ақторғын Ақкенжебаласымен марштың маңызы жайлы сөз қозғадық.