Жаңаөзендегі жүргізушілер ереуілі жетінші күн жалғасып жатыр
Your browser doesn’t support HTML5
Жаңаөзендегі "МұнайСпецСнабкомпани" мекемесіндегі 200-ге жуық жұмысшының ереуілдеп жатқанына 21 шілдеде жеті күн болды. Жұмысшылардың сөзіне қарағанда, басшылық олардың талабын орындай алмаймыз деген. Есесіне еңбек құқығын талап етіп, ыстықта палатка астында жатқан жұмысшыларға құқық қорғау органдары ескерту айтып, қысым басталған. Жұмысшылар басшылыққа жалақыны 100 пайыз өсіру, жұмыс жағдайын жақсарту сияқты 11 талап қойған.