Жаңаөзендік мұнайшылар Нұр-Сұлтанда далада қонып жүр
Your browser doesn’t support HTML5
Биліктен көмек сұрап екі аптадан бері Нұр-Сұлтанда жүрген Жаңаөзендегі «Кезби» компаниясының жұмысшылары еңбек министрлігі алдында түнеп жатыр. Кейбірінің денсаулығы сыр бере бастаған. Олар министрліктің жалақыны 15 пайыз көтеру туралы ұсынысына разы емес.