Шыңжаңдағы лагерьде отырып шыққан қазақ ақыны
Your browser doesn’t support HTML5
Қытайдың Шыңжаң өлкесі Алтай аймағы Жеменей ауданында туып-өскен 46 жастағы Жазира Әсенқызының есімі Шыңжаң қазақтарына етене таныс. Оның өлеңдері мен әңгімелері жергілікті басылымдарда жиі жарияланатын, қытай тіліне де аударылған. Алтай аймақтық жазушылар қоғамы, Іле облыстық жазушылар қоғамы, Қазақ мәдениет қоғамы, Шыңжаң аудармашылар қоғамының мүшесі. Ол Шыңжаңда жүргенде жазушылықпен ғана емес жеке кәсіппен де айналысқан. Бірақ 2017 жылы ұсталып, саяси лагерьге қамалған соң бизнесі күйреп, шығармашылығы да тоқыраған. Қамауда бір жарым жыл отырып шыққан Әсенқызы 2019 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Қазір Алматы қаласында пәтер жалдап, тұрып жатыр. Жазираның басынан кешкені жайлы әңгімесін қаз-қалпында ұсынуды жөн көрдік.