Батыс басылымдары «Крокустағы» теракт ел ішіндегі қауіпсіздікке кепілдік беремін» деп уәде етіп, сырттан жау іздеген Путиннің имиджіне соққы жасады» деп жазды. Кейбір халықаралық басылым бұл трагедияны президент Путин қалай пайдалануы мүмкін екенін болжап жатыр. Баспасөз шолуына көз салайық.
20 наурыз Халықаралық бақыт күніне орай БҰҰ жанындағы зерттеушілер дәстүрлі "Жаһандық бақыт баяндамасын" (World Happiness Report) жариялады. 2024 жылғы рейтингіде Қазақстанға 143 елдің арасынан 49-орын берілген. Алғашқы үштік – Финляндия, Дания және Исландия. Ең соңғы орында – Ауғанстан.
Қазақстанның бірнеше өңірінде — Алматы, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында су тасып, үйлер мен жолдар бүлінді. Басқа аймақтарда да қарғын судан қауіп бар. Азаттық тілшісі Семейде су басқан үйдің ауласына барып, зардап шеккендермен сөйлесті.
Ақтөбеде электр энергиясы наурыз айынан бастап тағы қымбаттады. Тарифтің өзгеретіні бір ай бұрын айтыла бастаған. Оған алдымен қала іргесіндегі саяжай тұрғындары қарсы шықты. Жаңа тариф бекітіліп кеткенін білген саяжай ұжымдарының басшылары бүгін де Ақтөбе әкімдігіне барып, наразылық білдірді.
7 наурызда Ақтөбенің екі ауданында "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясының ондаған акционері наразылық жиынын өткізді. Олар Қытай үкіметіне тиесілі компания басшылығы жылдық табыстан үлескер экс-жұмысшыларға жылына бір рет берілетін төлемнің азайғанына наразы.
Өскеменнің қасындағы қандастар ауылының халқы 13 жылдан бері сапасыз үйде тұрып жатқанына шағымданып келеді. Олар аязды күні үйдің қуыс-қуысын киізбен бітегенін айтады.
Алматыда жер сілкінді. Бұл жолы да қаңтардағыдай 5 балдық дүмпу сезілген. Жер қатты сілкінген соң көп өтпей дабыл жүйесі де іске қосылған. Адам шығыны жоқ. Тұрғындар қатты қорыққанын айтады.
Ішкі істер министрлігі Түркістан облысы Сарыағаш ауданында діни дәріс берген азамат балаларды ұрып-соқты деп күдікке ілінгенін хабарлады. Молда "балалардың ата-анасы жазалауға рұқсат бергенін" айтады. Кейбір ата-ана оның сөзін растайды. Қоғам өкілдері бала ұру - қылмыс дейді.
Былтыр жазда қарағандылық журналист Диана Сапарқызы ҚазТАГ агенттігінде жұмыс істеп жүргенде "Арселор Миттал Теміртау" компаниясы күзетшілерінің шабуылына ұшыраған. Ол әлі күнге дейін кінәлілер жазасын алмағанына наразы.
Қазақстан билігі Қытайдан қоныс аударған қандастардан құжаттың түпнұсқалығын дәлелдейтін апостиль таңбасын талап ете бастады. Онсыз азаматтық берілмейді. Апостиль таңбасын алу үшін құжат берілген елге қайту керек.
Қазақстанда Совет одағы заманынан бері келе жатқан елдімекен атаулары өзгеріп жатыр. Мұны билік "идеологиялық тұрғыда ескірген атаулар" деп түсіндіреді. Бірақ жергілікті халық арасында бұған қарсылық та бар.
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Еркін Тойбазаров мемлекеттік айып тұрағына қойылған автокөлігін тоғыз айдан бері таба алмай жүр. Полиция мәшине жоғалғанын растап, іздестіріп жатқанын хабарлаған. Бірақ нәтиже жоқ.
Қазақстанда азаматтық белсенділерді "тіркелмеген ұйымның жұмысына араласты" деп айыптап, жауапқа тарту жиілегенін айтқан заңгерлер президент бастамасымен құрылған "Ұлттық құрылтайдың" да тіркелмеген ұйым екенін алға тартып, оның жиынын өткізуге тыйым салуды сұрап, сотқа арыз түсірді.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының қарызы 3 трлн теңгеге жуықтады. Компания төрағасы қарызды қайтару үшін тарифтерді көтеру не компанияны мемлекеттен қаржыландыру керегін айтты. ҚТЖ мұндай қарызға қалай батты? Оның қызметіне жолаушылардың көңіл тола ма?
Алтынбек Сәрсенбайұлы мен екі көмекшісін өлтірді деген айыппен түрмеде отырған Рустам Ибрагимовтің видеосұхбаты жария болды. Ол бірнеше күн бұрын істі қайта қарауды сұрап президенттің атына хат та жазған.
Маңғыстау облысындағы Қаражанбас кен орнында көлік қызметін көрсететін компанияның 100-ден астам жұмысшысы екі тәуліктен бері ереуілдеп тұр. Олар басшылық жұмыстан қуған 20 адамды қайта алуды талап етеді. Жұмысшылардың айтуынша, мекеме оларды тәуелсіз кәсіподаққа мүше болғаны үшін жұмыстан шығарған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бесінші департаментінің бұрынғы бастығы, "Қаңтар оқиғасына байланысты қылмыстық топ құрып басқарды", "билігін асыра пайдаланды", "адамды бостандығынан заңсыз айырды" деп сотталып жатқан Руслан Ысқақовтың Қазақстан халқына арнаған хаты жарияланды.
Бүгін Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында жергілікті тұрғындар тағы да наразылық білдіріп, Шыңжаңдағы туыстарына араша сұрады. Олар мұндай акциясын үш жылдан бері өткізіп келеді. Бүгін де оларға әкімдік өкілі «жауапқа тартыласыңдар» деп ескерту айтып кетті.
Алматыда 8 наурыз күні шеру өткізуге рұқсат ала алмаған белсенділер бірінен соң бірі жалғыз адамдық пикетке шығып жатыр. Олар биліктен қалай да шеруге келісім алуға тырыспақ. Бұған дейін Алматы әкімдігі «қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді» деген себеппен рұқсат бермеген.
Украинаға АҚШ пен Еуропа одағынан көмек кешеуілдеп жатқан тұста елдегі үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілер майданға көмектесу үшін қолынан келген істеп жатыр. Соғысқа дейін зергер, суретші болған Виолетта Олейник қазір әскерилерге дрон жасаумен айналысады. Соғыста оның әкесі мен бауырлары жүр.
Тағы