Виктор Ющенко Украинадағы президент сайлауында бесінші орынды иеленді. Ел президентінің әкімшілік ресурстарын пайдаланбауы – ТМД елдеріндегі автократиялық режимдердің билеушілері үшін түсініксіз жағдай. Және бұл жағдай оларды шошытады.
Геноцид жасағаны үшін Суданның президентіне жаңа айыптар тағылып, оны тұтқындауға жаңа ордер берілуі мүмкін. Халықаралық қылмыстық соттың алдында, кез-келген өзге азамат сияқты, мемлекет басшысының да ешқандай иммунитеті болмайды.
Еуропалық сот, Грузияны, ата-аналары сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болды деп табылған ағайындыларға өтемақы төлеуге міндеттеді. Грузия заңдағы олқылықтарды жойып, советтік қылмыстың мыңдаған құрбандарына өтемақы төлеуі керек.
АҚШ-тың Хельсинки комиссиясының тең төрағасы Элси Хастингс, «Америка дауысы» радиостансасына берген сұқбатында, өзі жүрген барлық жерде президент Нұрсұлтан Назарбаевты өмірлік президенттік туралы идеядан бас тартуға көндіруге тырысатынын айтты.
Жақында, БҰҰ аясында, құпия түрмелер тәжірибесін зерттеу аяқталды. Әлемнің әр аймағындағы ондаған елдер құпия түрмелерді кеңінен пайдаланатындықтан, бұл проблема жаһандық сипат алды.
Постсоветтік және батыс елдеріндегі орта таптың жағдайы әртүрлі. Бұрынғы советтік елдерде «авторитарлық капитализм» орнығуда. «Азат Еуропа/Азаттық» радиосының жүргізген зерттеуінің нәтижесі осындай.
«Сова» ақпараттық-талдау орталығы 2009 жылдың қорытындысы бойынша Ресейдегі радикалды ұлтшылдық туралы зерттеу даярлады. Нәсілшілдік себеппен кісі өлтірудің азайғандығына қарамастан, зорлық-зомбылықтың қанат жаюы қауіп тудырып тұр.
Түркменстан үкіметі орасан құрылыс жобаларына 24 миллиард доллардай бөлуде. Бұдан бұрынғы президент Сапармұрад Ниязовтың алтын ескерткішін орнынан алып, оның орнына биліктің жаңа символын орнату жоспарлануда.
Киевтің апелляциялық соты Сталин жолдас бастаған советтік партия басшыларын украин халқына қарсы геноцид жасағаны үшін айыпты деп тапты. Кремль мұндай шешімді антиресейлік деп есептейді. Қазақстан әдеттегідей, ештеңе байқамағандай болып отыр.
Постсоветтік кеңістіктегі сыбайласқан жемқорлыққа белшесінен батқан режимдер орта таптың экономикалық және саяси белсенділігін тұншықтыруда. Сіздердің назарларыңызға «Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосының бірлесіп жасаған зерттеу мақаласын ұсынамыз.
«Халықаралық дағдарыс тобы» Қазақстанның түрмелерінде отырған исламшылардың тұтқындарға ықпалын зерттеді. Билік белшесінен батқан сыбайлас жемқорлықты пайдалана отырып, радикалды исламшылар түрмелерде өздерінің жақтастарын көбейтуде.
«Халықаралық дағдарыс тобы» орталықазияның үш мемлекетінен экспортталатын жұмыс күшінің жағдайына талдау жасады. Талдаушылар тығырықтан шығу үшін осы елдердің әлеуметтік енжар қоғамын реформалау керек дейді.
Советтік және постсоветтік елдердегі соғыс ардагерлері жаппай неміс әйелдерін зорлау жайында тіс жармайды. Мәскеудегілері де, Алматыдағылары да. Шынтуайтына келгенде, соғыстың соңғы жағында не оқиға болып еді? Қазақстанда бұл тақырып зерттелмеген күйінде қалып отыр.
ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер басып алған аумақтарда неміс сарбаз- дарынан бала тапқан әйелдер аз болған жоқ. Нацизмге деген жеккөрініш заманында өскендердің кейбірі бүгінде Германиядан туыстарын тауып жатыр. Бірақ бұл оңайға түспей тұр.
Қазақстандағы билік бәрінен бұрын нағыз билік керек жерде күшін жоғалтып отыр. Бұндай жайт ең әуелі түрмелерге тән. Бірақ, сөйте тұра, Қазақстан түрмелері бірыңғай жемқорлық жүйенің құрамдас бөлшегіне айналған.
Әзірбайжанда «Репродуктивтік денсаулық және отбасын жоспарлау» туралы заң қабылдамақ. Себебі, қыз балалардың дүниеге келуі азайып кетті. Қытайда да демографиялық ауытқушылық байқалуда.
Грузияда бұдан 130 жыл бұрын, 1879 жылғы 21-желтоқсанда, Иосиф Джугашвили (кейіннен Сталин) дүниеге келді. Қазірде Иосиф Броз Титоның немересі коммунистер партиясын құрып жатса, Сталиннің немересі атасының «ар-намысы» үшін соттасуда.
9 желтоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы Халықаралық күрес күні атап өтіледі. Қазақстан сыбайлас жемқорлық торы шырмап алған ел ретінде жиі сыналады. Жылдарға созылып келе жатқан «Қазақгейт» ісі ең үлкен даулы мәселе болып табылады.
ССРО мен Англияда балалар ата-аналарынан екі түрлі себеппен ажырады: бірінде «халық жауының» баласы ретінде, ал, екінші елде кедей отбасының баласы ретінде. «Нақақтан жоғалған» балалардың алдында Батыс саясаткерлері кешірім сұрады.
Афинада Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселесі бойынша соңғы сатыдан өтті. Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) Қазақстанды адам құқықтары мәселелеріне байланысты сынға алды. Ресми Астана болса Қазақстанда ЕҚЫҰ саммитін өткізу ұсынысын қайталады.
Тағы