Семей қаласының үйсіз тұрғындарының бірі Асхат Жәркенов биыл қыста қол-аяғынан айырылды. Алайда ауруханада жататын мерзімі аяқталса да, оны алып кететін ешкім болмай отыр.
Семейде баспанасыз қаңғыбастар үшін бас сауғалайтын орын табылды. Бұл – мемлекеттік мекеме емес, кәдуілгі үй. Мұнда моншаға түсу, түнеп шығу, таза киім – барлығы да тегін. Мұнда келем деушілер екі ережені бұзбаулары керек: ішімдік ішуге және темекі шегуге болмайды.
Семей көшелерінде азық іздеген сиырларды жиі көруге болады. Бүгінде бұл тек экологиялық мәселе ғана емес. Жайылымның, бос жатқан жердің қалмауынан малшылар қаланың ішіне, тұрғын үйлердің ара-арасына сиыр жаюға көшкен.
Қайрат Рысқұлбековтың есімімен байланысты орындар Семейде санаулы ғана. Алматыда сотталған соң Семей түрмесіне әкелінген Қайрат осында қаза болды. Семейде оның атында мектеп пен мұражай бар.
Семейдегі қарағайлы орманда үй жануарларын көметін қорым бар. Өліп қалған жануарына деген қимас сезімдерін білдіргендер олардың басына ескерткіш ретінде құлпытас орнатуды дәстүрге айналдырған. Бірақ, бүгінде шағын қорымда бос орын қалмаған.
Семейлік зейнеткер Райкүл Ахметқалиева дәрігерлердің екі рет ішуге болмайтын дәріні жазып бергенін айтады. Дәрілердің түсініктемесі тек қазақ тілінде болған, орыс тіліндегі ақпаратты ол өзі тауып алған.
Совет Одағы кезіндегі бейбіт атом деп аталатын жобаның соңында Атом көлі қалды. Атом көлі маңындағы Саржал ауылының тұрғындары оларда, өзгесін айтпағанда, таза ауыз судың да жоқтығын айтады.
Семей полигонының жабылғанына да 20 жыл өтті. Кезінде ядролық қару сыналған жерлерде болған Азаттық радиосының тілшілері сонда өмір сүріп жатққан «Хрустальді бала» мен «Құмырсқа-адамның» тағдыры туралы білді.
Модельер Гүлнәр Жүнісова жасап шығарған сәнді таңғышты көру үшін «Іңкәр сезім» этностудиясына адамдар көптеп келуде, бұрын-соңды медициналық таңғышқа мұндай қызығушылық болмапты.