Түркіменстан тарихында тұңғыш рет президенттікке кандидат болуға мектеп мұғалімі – Айна Абаева ниеттенді. Бірақ оны сайлауға жібермеді. Елдегі президенттікке сайлау 2012 жылдың 12 ақпанына белгіленген.
Ашғабатта Түркіменстанның бірінші президенті Сапармұрат Ниязов өлген соң тұғырдан алынып тасталған Түркіменбашының ескерткіші қайта пайда болды.
2006 жылдың 14 қыркүйегінде түрмеде жазасын өтеп жатқан Азаттық радиосы түркімен қызметінің Ашғабаттағы тілшісі Оғулсапар Мурадова күтпеген жерден қаза тапты.