Бұрын инженер-дәрігер болған, Өзбекстанда бір рет пайдаланылатын шприц шығаратын алғашқы зауытты ашқан кәсіпкер Саидикром Ахроров көп жыл бұрын өз еркімен елден кеткен. Кейін Шавкат Мирзияев билікке келген соң, жаңа президенттің реформалар туралы уәдесіне сеніп, Ташкентке оралған. Бірақ ол қаржы алаяқтығы мен жемқорлыққа тап болғанын айтады.