Жанармайды аз жұмсайтын, салмағы жеңіл көліктер шығаратын компаниялардың алюминийге сұранысы артады. Ал Қазақстан «бағасы арзан» деп, бұл металды өндіруді ұлғайтуға асығар емес.
«Ипотекалық несиені байлардың ғана қалтасы көтереді» деген сөзді билік жиі қайталайды. Бірақ ипотекалық дүрбелең тұсында несие алып, девальвациядан кейін төлем қабілетінен айырылған адамдар не істемек?
Ұлттық банктің жаңа басшылығы қазақстандықтарды ақшаны теңгемен сақтауға шақырады. Бірақ доллар депозиттерінің көбейгеніне қарағанда, қазақстандықтар кеңеске құлақ аспаған сияқты.
2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты туралы құжатта «жастардың жартысынан көбі жеке басына қатысты проблемаларын мемлекет шешеді деп күтеді» деп жазылған. Ал жастар «жұмыссыздық көп» деп шағымданады.
Зерттеушілер Қазақстанның ең дәулетті 50 адамының байлығын үш облыстың (Ақмола, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан) ішкі өнімімен теңестірді. Бұл елде жарты миллионнан астам адам өлместің күнін кешіп отыр.
Қазақстанда жанар-жағармай бағасы жыл сайын қымбаттайды. Бір ерекшелігі, сыртқы нарықта мұнай бағасының қымбаттауы немесе арзандауы елдегі ішкі бағаға онша әсер етпейді.
Зерттеушілер тұрғындары тамақты талғап ішетін елдерді анықтады. Бұл рейтингте Қазақстан 44-орынды иеленді.
Мұнайдың бай қоры мен оны өндіру көлемі артқанына қарамастан, қазақстандықтар жыл сайын жанар-жағармай тапшылығын көреді. Мұны «нонсенс» деп атаған билік енді мұнай өңдеу зауыттарын салуға уәде етті.
Ресми статистикаға қарағанда, былтыр коммуналдық тарифтер мен азық-түлік бағасы қымбаттағанымен, жыл қорытындылары бойынша инфляция болжамды деңгейден төмен болған.
Қазақстанда электр қуатының бір пайызға да жетпейтін көлемі табиғи қуат көздерінен өндіріледі. Ал дамыған елдерде әр бесінші киловатт-сағатты жасыл энергетика береді.
Осыдан жүздеген жыл бұрынғыдай Қытай әлемді әлі таңдандырып келеді. Әлем экономикасындағы соңғы жайттар қытай капиталы экспансиясының күшейгенін көрсетеді.
АҚШ қаржы министрлігі Германияның экономикалық саясатын сынады. Бұл сынның қос одақ – Еуропа және Кеден одақтарымен қандай байланысы барын Азаттықтың экономикалық шолушысы талдап көрді.
Қазақстан ұлттық банкінің сайтында жергілікті валютаның қорғаныш элементтері туралы ақпарат жоқтың қасы. Бұл кемшіліктің орнын Азаттық сайты толтыруға тырысады.
Алматы олимпиада өткізуге үшінші рет өтініш берді. Азаттық тілшісі Олимпиада ойындарын өткізуге жұмсалатын шығынды есептеп көрді.
Еуропа Одағы бұрынғы совет елдерін экономикалық кеңістігіне тартқысы келеді. Кеден Одағында ықпалды Ресей мұны өз мүддесіне Батыстың қол сұғуы деп бағалайды. Қазақстан рөлі қандай?
Министр, әкім мен орынбасарларының жалақысы 2014 жылдың 1 қаңтарынан 50 пайызға өсуі тиіс. Ал бюджет саласындағы басқа қызметкерлердің жалақысын өсіру туралы айтылмайды.
Әлемнің 90 елі енген бақытты кәрілік индексінің жуырда жарияланған халықаралық рейтингінде Қазақстан жоқ. Азаттықтың экономикалық шолушысы бұл олқылықты «түзетуге» тырысып көрді.
«Терроризмге қатысы бар» деген айыппен өзге елдер аумағында ұсталған немесе оққа ұшқан қазақстандықтар қатары жыл сайын өсіп барады.
Қазанның 27-сі күні Грузияда президент сайлауы өтті. Бұл науқанға бақылаушы ретінде қатысқан қазақстандық белсенді Азаттыққа грузин сайлауының ерекшеліктерін әңгімелеп берді.
Жұмыспен қамту бағдарламаларына бюджеттен қыруар қаржы бөлінетініне қарамастан, жастар арасында жұмыссыздық әлі көп. Жас мамандарға жалақысы тәуір жұмыс табу қиын.
Тағы