Астанада Қуат Жоболаев пен Жасұлан Сүлейменовтерге қатысты сот жалғасып жатыр. Олар лаңкестік топ құрды деп айыпталуда. Қылмыстық іс заттай айғақтар негізінде қозғалған. Құқыққорғаушы тінтудің заңсыз жүргізілгендігін айтып отыр.
Астанада «Әл-Фараби жамағаты» лаңкестік тобын құрды деп айыпталушы Қуат Жоболаев пен Жасұлан Сүлейменовтың үстінен сот жүріп жатыр. Сотталушылар ҰҚК қызметкерлері бізді қысым арқылы мойындатты дейді.
Оқу комбинатына оқуға келген құрылыс фирмасының жұмысшылары қазақ тілінде оқыту туралы талаптары орындалмаған соң ол мекемед оуқдан бас тартты. Комбинат директоры мамандар мен арнайы әдебиеттің тапшылығын алға тартады.
Экология министрлігінің бұрынғы басшыларының сотында куәгер ретінде сөйлеген ғалым бұрынғы министрді Қазақстан президентінің саясатына адал адам ретінде сипаттап, болашақта оның бұрынғы қызметіне қайтып оралатындығына үміт білдірді.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшылығына қатысты сотта тыңдалған куәгерлердің ешқайсысы «Меркурий плюс» фирмасының мүддесін бұрынғы басшылықтың жақтағандығы туралы айғақ келтірмеді.
Қостанай облысы Қарабалық аудандық мәслихатының депутаттары Ресеймен шектесетін елді мекендер тұрғындарының құқықтары шектелгені туралы Астанаға хабарлауда: Ресей шекарашылары оларға ет, сүт өнімдерін «тіпті картопты» алып өтуге рұқсат бермеуде.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшыларының ісі бойынша өткен соттың алғашқы күні олардың адвокаттары мен жұбайлары күткендегідей болмады. Прокуратура қаржы полициясының сөзін қолдады.