Дәрігерлер "тағы екі науқастың жағдайы ауыр" дейді. 25 шілде күні премьер-министр Олжас Бектенов марқұмдардың отбасыларына көңіл айтып, істі бақылауына алғанын мәлімдеді.
Атырау облысында тасқын салдарынан малы өліп, егістігі мен жайылымдық жері суда қалған шаруалар өтемақы талап етеді. Әкімдік дерегінше, көктемгі тасқында 150-ге жуық шаруа қожалығы зардап шеккен, оның 70-тен астамы өтемақы сұрап өтініш берген.
19 жастағы атыраулық сарбаз Досымжан Сәлімжан биыл мамырда Алматыдағы госпитальде көз жұмды. Жетісу облысындағы әскери бөлімге былтыр күзде алынған. Досымжан өмірінің соңғы күндері туыстарына әскерде "тоқтаусыз таяқ жегенін" айтқан. Күдікке ілінген офицер қамауда отыр. Тергеу әлі жалғасып жатыр.
6 шілде – Астана күні және Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Мерекенің тарихи негізі –Жоғарғы кеңестің астананы Ақмолаға көшіру туралы 1994 жылғы 6 шілдедегі қаулысы. Азаттық мерекеде астаналықтардың Назарбаев туралы пікірін сұрады. Көпшілік пікірі әртүрлі болып шықты.
Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталып жатыр. 3-4 шілде күндері өтетін саммитке 16 мемлекеттің басшылары қатысады. Ресми қонақтар арасында БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш те бар. Шара қарсаңында Астанада күзет күшейді.
Ақмола облысында алпыс отбасы тұратын Қаражар ауылы биылғы тасқыннан әлі ес жия алмай отыр. Тұрғындар ауылдағы жалғыз көпір жөнделмей, ауданмен қатынас үзіліп, қиын жағдайда қалғанын айтады.
Утилалым мен бастапқы тіркеу жарнасына қарсы петицияны талқылау үшін құрылған комиссия мүшелері бір пікірге келе алмай жатыр. Петиция авторлары комиссия құрамына сенбейді. Өнеркәсіп министрлігі белсенділерді «арандатушы» деп атайды.
Халықаралық «Жабайы жылқылардың оралуы» жобасы аясында Еуропадан Қазақстанға жеті керқұлан жеткізілді. Арнайы контейнермен әуелі Чехияда ұшаққа тиеліп, Германияда сәл аялдап, екі ғасыр бұрын өздері мекендеген қазақ даласына табан тіреді.
Оңтүстік Кореяның президенті Орталық Азияны аралап жүр. Алдымен Түркіменстанға сапарлған ол 12 маусымда Қазақстанға келді. Одан соң Өзбекстанға бармақ.
Олар қамауда отырған балаларының денсаулығы нашарлап кеткенін, түрмеде екеуінің құқығы бұзылып жатқанын айтты. Депутат Ермұрат Бәпи "екі азаматпен кездестім, істерін назарда ұстап отырмын" деді.
Ақтауда "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау операторының мердігері — "Зевс Энерго" компаниясының жетпіс өрт сөндірушісі жалақыны көтеру талабымен ереуілдеп тұрғанына алты күн болды.
Қазақстанның жоғарғы аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов бүгін мәжілісте 2023 жылдың бюджеті туралы есеп берді. Есеп қамтыған кезеңде ол өзі премьер-министр қызметін атқарған.
Қазақстанның ең шығысындағы Аршаты ауылы күннің көзін бәрінен бұрын көреді. Ауыл адамдары мамырда таң түнгі 3-те атып қояды, бір айдан кейін 2-де күн шығады дейді. Олар таяуда өзгерген уақыт белдеуінің ыңғайсыздығына шағынады.
Шымкентте “ұлт араздығын қоздырды” деп айыпталған зейнеткер Қалима Жапарованың бас бостандығы 2 жылға шектелді. Прокурор төрт жыл сұраған. Алайда жәбірленуші оған кешірім беріп, арызын қайтарып алған.
Атырау облысында Жайық өзенінің деңгейі күн санап көтеріліп келеді. Атырау қаласының өзінде де байқалған. 23 мамырға қараған түні Жалғансай ауылының тұрғындары шұғыл көшіріп, кейін үйлеріне қайта оралды.
22 мамыр күні Қазақстан парламентінің төменгі палатасы мәжіліс Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің арасында жүк тасымалын жеңілдетуге арналған келісімді ратификациялады. Депутаттардың кейбірі бұны Ресейдің Украинаға ашқан соғысынан соң туған қажеттілік дейді.
Құлсарыда тасқын бүлдірген үйдің өтемақысы бойынша наразылық әлі жалғасып жатыр. Бүгін - тұрғындар әкімдік алдында тұрғалы алтыншы күн. Алаңда адам азайғаны байқалады. Олар жексенбі президент Тоқаевқа тағы бір видеоүндеу жолдады. Бұған дейінгі үндеулерге Ақорда жауап бермеген.
Астанада «Алға, Қазақстан» партиясын құрғысы келетін топ мүшелері мен азаматтық белсенділер марқұм оппозиционер Жасарал Қуанышәлинді еске алды. Белгілі саяси қайраткер былтыр дүниеден озған. Жылдық ас берердің қарсаңында Алматы мен Астанада белсенділерді аңду көбейіп, кейбірі қамауға алынды.
Атырау облысы Құлсары қаласы тұрғындарының наразылығы екінші күн жалғасып жатыр. Тасқын кезінде үйі бүлінген жұрт үйлерінің әр шаршы метріне 400 мың теңгеден қолма-қол төлеуді талап етіп тұр. Әкімдік үй жөндеуге қаржы берілетінін, бірақ үй құрылысына керек қаржы қолма-қол берілмейтінін айтқан.
Бұған дейін үкімет үй салуға құрылыс компаниялары жауапты болатынын, қаражат соларға аударылатынын мәлімдеген.
Тағы