Қазақстанның кей аймақтарын қуаңшылық қысып тұр. Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында жем-шөп қат болып, мал аштан қырылды. Бұрынғы ауылшаруашылығы министрі, қазіргі ет одағының төрағасы Асылжан Мамытбеков мал азығының қорын жинамай, мал шығыны арта береді дейді.