Қарағанды облысындағы № 35 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 31 жастағы Жасұлан Төлепберген түрмеде азаптауға ұшырағанын мәлімдеп, президентке жүгінді. Ол қысымға шыдамай, өзіне қол салмақ болғанын айтады. Жасұланның туыстары "мұндай жағдай бірнеше рет болды, оның өміріне алаңдап отырмыз" дейді.