Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, кәсіпкер Тимур Құлыбаевтың компаниясы Алматыдағы сотта жеңіліп, бизнес орталық салынып жатқан аумақтан айырылып қалды. Ол жерде бизнес орталық салып жатқан компания сот шешіміне келіспейді.
Кейінгі он жылда Қазақстанда су тасымаған жыл болған емес. Әр жолы жүздеген үйді қарғын су шайып, мыңдаған адам әбігерге түседі. Азаттық 2014 жылдан бері елде болған су тасқандарын шолып шықты.
Қоғам "әйелін аса қатыгездікпен, қинап өлтірді" деп айыпталып, істі боп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотын бақылап отыр. Бірнеше Youtube-арна арқылы ашық көрсетілген сот процесінің қаралымы миллионнан асқан. Әлеуметтік желіде де талқылап, пікір жазып жатқандар көп.
Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен адамдарға жылу жинап, көмектесіп жатыр. Ірі қалаларда пункттер ашылып, тұрғындар киім, азық, гигиеналық заттар апарып, тапсырып жатыр.
Қырғыз режисері Руслан Акунның «Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында» фильмі Қазақстанда көп көрермен жинап, төрт күн прокатта кассалық табысы бойынша бірінші орынға шықты. Бұл драма қазақстандықтарға несімен ұнады?
Алматы облысы Бесағаш ауылында таудан лай көшіп, бірнеше үйді бүлдірді. Бір үй күреліп тасталды. Биліктің «апат табиғи себептен болды» дегеніне жергілікті тұрғындар сенбейді. Олардың сөзінше, тау іргесіндегі тұрғындар кәріз суын жылдар бойы топыраққа ағызып келген, ал әкімдік оны тексермеген.
20 наурыз Халықаралық бақыт күніне орай БҰҰ жанындағы зерттеушілер дәстүрлі "Жаһандық бақыт баяндамасын" (World Happiness Report) жариялады. 2024 жылғы рейтингіде Қазақстанға 143 елдің арасынан 49-орын берілген. Алғашқы үштік – Финляндия, Дания және Исландия. Ең соңғы орында – Ауғанстан.
Алматыдағы Ұлттық ұланның №5571 бөлімінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаз үш жарым айдан бері жансақтау бөлімінде жатыр. Кеше көзін ашқан, бірақ дәрігерлердің айтуынша, денсаулығы нашар. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада құлап, басын кафельге соғып алды» деген.
Қазақстан соты Қаңтар оқиғасына байланысты 15-17 жыл мерзімге түрмеге кесілген үш адамның материалдарын жарияламай отыр. Сот әкімшілігі оның себебін "бұл адамдар аса ауыр қылмыс жасаған" деп түсіндірді. Бірақ құқық қорғаушылар мен заңгерлер заңда ондай ереже жоқ дейді.
13 наурызда Алматы облысы Жамбыл ауылында жазушы, публицист Жұмабай Шаштайұлы жер қойнына тапсырылды.
Ақтөбеден қашық ауылдарда тұратын халық көбіне таксиге мінеді. Себебі облыстағы он екі ауданның бесеуіне ғана тікелей автобус жүреді. Кей ауылдың тұрғындары ұзақ жылдан бері автобус сұрап келе жатқанымен, әкімдік тасымалдаушы таба алмаған.
Алматыда әкімдіктің рұқсатымен "Әйелдердің лайықты өмірі үшін!" деген тақырыпта митинг өтті. Жиында әйелдерге алимент төлеу, тұрмыс құру немесе ажырасудың тәртібін заңға енгізу, мүлікті бөлісу туралы мәселелер айтылды. Жиынға аляқтарға алданып үйінен, көліктерінен айырылған адамдар да шақырылған.
Алматы қаласында биыл екі рет қатты сезілген жерасты дүмпуі билік пен қоғамның төтенше жағдайға дайындығы қай деңгейде екенін көрсетті. Екі жолы да биліктің жұмысы қоғам сынына қалды. Елдегі ең ірі мегаполистің халқы да табиғат тосын мінез танытқанда өзін қалай ұстау керегін білмей, абдырап, абыржып қалатыны аңғарылды. Мамандар сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан қаланың халқының ондайға дайындығын пысықтау – билік органдарының міндеті дейді.
Алматыда жер сілкінді. Бұл жолы да қаңтардағыдай 5 балдық дүмпу сезілген. Жер қатты сілкінген соң көп өтпей дабыл жүйесі де іске қосылған. Адам шығыны жоқ. Тұрғындар қатты қорыққанын айтады.
Азаматтық белсенді Абзал Достияровты полиция күштеп әкетіп, сотқа тартып жатыр. Полиция оған қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің соты өткен күні «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деп айып таққан. Достияров полиция ұстап жатқанда таяқ жегенін айттады.
Былтыр жазда қарағандылық журналист Диана Сапарқызы ҚазТАГ агенттігінде жұмыс істеп жүргенде "Арселор Миттал Теміртау" компаниясы күзетшілерінің шабуылына ұшыраған. Ол әлі күнге дейін кінәлілер жазасын алмағанына наразы.
Ұлттық олимпиада комитетін бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың миллиардер күйеу баласы Тимур Құлыбаев басқарған жылдары бірлестіктің құзіреті кеңіп, спортшылардың халықаралық бәсекелерде көрсеткіші төмендеді. Есеп комитеті мемлекет бюджетінен бөлінген миллиардтардың тиімсіз жұмсалғанын айтты.
Қаңтар оқиғасына байланысты ұзақ мерзімге түрмеге кесілген төрт адам үкімге келіспейді. Түрлі қалада сотталған оларға тергеушілер бір-біріне ұқсас айыптар тағып, сот кінәлі деп таныды. Қорғаушылары "тергеу біржақты өтті, сот айғақ-дәлелі жоқ ауыр айыптар тағып, әділетсіз үкім шығарды" дейді.
Бағдатбай Исмайлов есімді қарақалпақ белсендісі Өзбекстаннан шыға алмай жатқанын айтты. Оның Алматыда қалған бес баласын көрмегеніне жеті жыл болған. Исмайловтың сөзінше, саяси белсенділігі үшін Өзбекстан билігі оның атына несие рәсімдеп, паспортын алып қойған.
Алматыда үш күннен бері Алексей Навальныйды еске алып жатыр. Қазір Ресей елшілігінің алды гүлге толы. Ғимарат алдында полиция күзеті күшейген. Ресейлік саясаткерді еске алмақшы болған кемі екі адам әкімшілік жазаға тартылды.
Тағы