Қазақстанда кейінгі бір айда билікті сынайтын медиа жобалар мен блогерлердің әлеуметтік желідегі парақтары, сайттары кибершабуылға жиі ұшырап жүр. Олар бұл қасақана ұйымдастырылып жатыр деп есептейді.
Украина Қазақстандағы елшісі етіп жібермек болған Сергей Гайдайдың кандидатурасын Астана бекітпеді. Гайдай бұған дейін Украинаның Ресей басып алған Луганск облыстық әскери әкімшілігінің басшысы болған. Мұның артында Кремль тұруы мүмкін дейді сарапшы.