АҚШ TikTok әлеуметтік желісі жұрттың деректерін "Қытай биілігімен бөліседі" деп сезіктенеді. TikTok оны терістейді. Қазақстан бұл желіге қарсы шыға ала ма?
Осы аптада шетелдік басылымдар Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билікке қайтып оралу ықтималдығы, Атырау облысының ұзақ жылға сырттай сотталған бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің экс-президентті бопсалап жүргені және Дариға Назарбаеваның Англия сотындағы жеңісі жайлы жазды.
"Орта Азиядағы ұлтшылдық: бірегейлікті іздеу" кітабының авторы, ғалым Сергей Абашин Орталық Азия елдері этносаралық жанжалдардың алдын алу үшін экономикалық және саяси ресурстарға тең әрі әділ қол жеткізуге мүмкіндік жасап, мемлекеттік институттарды нығайтуы керек деп санайды.
Әлем ақпарат құралдары Қазақстанда 27 желтоқсанда болған ұшақ апатының жай-жапсарын талқылап, оның ықтимал себептеріне үңілген.
Осы аптада шетел басылымдары АҚШ-пен арадағы сауда соғысының әсерінен балама нарықтарға көп көңіл бөле бастаған Қытайдың Орталық Азияға мойын бұрғаны, Қазақстандағы митинг туралы заңның өзгеріп, демократия талаптарына біртабан жақындай түсетіні туралы жазды.
Осы аптада халықаралық басылымдар Қазақстандағы билік транзитінің ерекшеліктері мен президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдында тұрған ішкі-сыртқы сын-қатерлерді талдап шыққан.
Осы аптада шетел баспасөзі Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі «саяси қайта тәрбиелеу лагерьлеріне» қамалғандардың ауыр ахуалы туралы жазды.
Осы аптада халықаралық басылымдар "Батыс пен Шығыс арасында тауар ағылатын қақпа болады" деп айтылған "Қорғас" құрлық портының өзінен гөрі жарнамасы асып түскенін, шын мәнінде оның "орта дәрежедегі инфрақұрылымдық жоба" екенін жазды.
Батыс басылымдары Тоқаев президенттігінің 100 күндігіндегі ауыс-түйістер, автократ басшылардың Интерполды теріс мақсатқа пайдалануы және Қазақстан билігінің Лондон полициясынан Назарбаевтың немересін «жай депортациялауды» сұрағаны туралы жазды.
Осы аптада халықаралық басылымдар Қазақстандағы "Қытайға қарсы" наразылық шараларының түп-тамырына үңіліп, себеп-салдарын талдайды.
Осы аптада халықаралық баспасөз Нұр-Сұлтанда өткен халықаралық жиын мен елдің шынайы әлеуметтік-экономикалық ахуалы арасындағы контрасты талқылады.
Осы аптада халықаралық басылымдар Қазақстандағы соңғы саяси оқиғаларға баға берген. Президент ауысса да, ескі жүйе өзгермегенін тілге тиек еткен басылымдар алдағы сайлауда ел басшысын халық емес, Назарбаев таңдайтынын жазады.
Осы аптада батыс басылымдары Қытайға экономикалық жағынан тым тәуелді Қазақстанның қанша тырысса да, "Шыңжаң бас ауруын жаза алмайтыны" туралы жазған.
Осы аптада халықаралық басылымдар Қазақстандағы саяси транзиттің жаңа үлгісін көрші елде қайталау ықтималдығы туралы талқылаған.
Батыс баспасөзі осы аптада Семейдегі ядролық полигон аймағы мен Қазақстанның Қытаймен шекарасындағы “Қорғас” құрғақ портынан репортаж берген.
Өзбекстан мен Қырғызстан бұрыннан келе жатқан шекара мәселесінің біразын шешті. Енді олар жыл соңына дейін соңғы түйткілді шеше ала ма?
АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Халықаралық діни бостандық жөніндегі 2016 жылға арналған жыл сайынғы есебін жариялады. Әлемдегі 200-ден астам мемлекет пен аймақтардағы дін бостандығының ахуалын сипаттайтын бұл есеп үкіметтердің, террорлық топтардың және жекелеген адамдардың діни бостандық заңдарын бұзу немесе оны асыра пайдалану фактілерін саралап шыққан.
Ресейдің Магадан қаласының ең қиқы-жиқы көшелерінде қала мэрінің бейнесімен қоса "Дұрыс жерде жүрген жоқсың, Антон!" деген жазулар пайда болды. Бұл сөзді Магадан мэрі Юрий Гришан қаладағы жөндеу жұмыстарын сынаған белсенді блогшылардың бірі Антон Афанасьевке Twitter арқылы айтқан.
Батыс басылымдары ОПЕК ұйымына мүше және мүше емес мұнай өндірушілердің шикізат экспорты көлемін шекті деңгейден асырмау туралы келісіміне қосылған Қазақстанның әлемдік нарықта мұнай бағасының арзандауынан тығырыққа тап болғаны туралы жазады.
Америкалық Stratfor барлау және сараптама орталығы орыс тілінің қолдану аясы тарылып, демографиялық, мәдени, саяси және технологиялық өзгерістер қарқынды жүріп жатқандықтан, Кремльдің көршілерге ықпал ету мүмкіндігі азая береді деп болжайды.
Тағы