Оңғар Саймосаев - Азаттықтың Қызылорда облысындағы тілшісі.
Қызылорда қаласы әкімшілігі базар сыртында сауда жасап тұрғандардың ол жерден кетуін талап етті.
Қызылордадағы саудагерлер базар алдындағы жол жиегінде де сауда жасағысы келеді. Ал базар басшылығы оның заңсыз екенін айтады.
Қызылорда облысындағы Абай ауылы тұрғындары аудан орталығына жету үшін қатып жатқан өзеннен өтеді.
Қызылордада пеші жоқ үйде қыстап жатқанын айтқан көп балалы ана қалалық әкімшілікке шағымдануға келді.
Қызылордадағы көпбалалы отбасы суық үйде қыстап жатқандарын айтады.
Қызылордадан 35 шақырым жердегі Иіркөл ауылының тұрғындары ауыз су қат екенін, жолдың тозығы жеткенін айтады.
Қызылорда қаласына қарасты Айнакөл ауылы тұрғындары суға жарымай отырғандарына төрт жыл болғанын айтады.
Қызылорда маңындағы тұрғындар Батыс Еуропа - Батыс Қытай трассасы іске қосылғалы қалаға баратын жолдары ұзарып кеткенін айтады.
Қалғандария ауылының 100 шақты тұрғыны Қызылордаға жету үшін Сырдариядан күнде қайықпен өтеді. Ал әкімдік ондағы халықтың қалаға көшірілетінін айтып жұбатады.
Қалғандарияның 100 шақты тұрғыны Қызылордаға жету үшін Сырдариядан күнде қайықпен өтеді. Ал әкімдік ондағы халықтың қалаға көшірілетінін айтып жұбатады.
Қызылордадағы "мемлекет мұқтаждығына бола" сүрілетін үйдің иесі Үмітгүл Әлмағамбетова әкімдік уақытша ұсынған баспанаға барудан бас тартты.
Қызылорда облысындағы Әйтеке би кентінің тұрғындары «мектепті айдалаға апарып тастаған» билікке наразы. Ал әкімдіктің сөзінше, мектеп жаңа шағын ауданға салынған.
Қызылордадағы қиратылуы тиіс үйдің иесі мен көршілері жиналып, сот шешіміне наразылық білдірді.
Полиция Қызылорда қаласының шетіндегі "мемлекет мұқтаждығына қажет" деп танылған үйді сүру үшін иелерін шығарып жатыр.
Әйтеке би кентіндегі 500-ден астам оқушы мектептен қалып қоймауы үшін әлі таң бозынан автобус аялдамаларына асығуға мәжбүр. Себебі әкімдіктен бөлінген екі ПАЗ автобусы жеті шақырым жерден салынған жаңа №170 мектепке балаларды уақытылы жеткізіп үлгермей жатады.