Оңғар Саймосаев - Азаттықтың Қызылорда облысындағы тілшісі.
"Бомба қойылды" деген хабардан соң Қызылорда автовокзалын полиция қоршауға алды. Кейін бұл мәліметтің жалған екенін анықталып, оны таратқан азамат ұсталған.
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының орталығы Жосалы ауылының тұрғындары "көшедегі электр бағаналарының құлағалы тұрғанын үш жылдан бері тынбай айтып келе жатырмыз - бірақ құлақ асар ешкім жоқ" дейді. Ал жергілікті билік "алдағы айда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетініне" сендіреді.
26 мамыр күні Қызылорда қаласында Жер реформасы жөніндегі комиссия мүшесі Самұрат Имандосовпен қала тұрғындары кездесті. Тұрғындар комиссия мүшесіне өз пікірлерін айтты. Кейбір белсенділер «бұл кездесудің облыс әкімдігінде болатынын жұрт білмеген, ұйымдастырушылар хабарламаған» деген пікір айтады.
Қазақстандағы орта мектептерде бүгін оқу жылын аяқтаған соңғы қоңырау соғылды. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл Қазақстанда 11-сыныпты 120 мыңнан астам түлек бітіреді. Олардың арасында Қызылорда қаласындағы №212 қазақ орта мектебінің түлектері де бар.
Қызылорда қаласының бір топ тұрғыны«несиелеріңді төлеп береміз» деген компанияға ақша беріп алданып қалғандарын айтады. Істі болған мекеме «тергеу кесірінен борышымызды өтей алмай отырмыз» дейді.
Қызылорда қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінің қызметкерлері екі айдан бері жалақыларын ала алмай жүргендерін айтып наразы болды. Ал мекеме басшысы бұл оқиғаны түсіндіруден бас тартты. Жергілікті билік ол балабақшаны ашуға рұқсат бермегендерін айтады.
Қызылордада үкіметтің «жер сату» және шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беру жоспарына қарсыларды полиция алаңнан күшпен таратты. Наразылар билік өкілдерін маңызды мәселені халықпен кеңесіп, ашық талқылауға шақырды.
Қызылорда облысы әкімімен кездескен белсенділер үкіметтің "жер сату" және "шетелдіктерге жалға беру" жоспарына қоғамда алаңдаушылық барын, билікке сенім азайғанын жеткізді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев мектепте оқытылатын кей пәндерді біріктіру туралы ұсыныс айтты. Азаттық мектеп мұғалімдерінің бұл жайлы пікірін білді.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының 23 жастағы тұрғыны Оразай Қалымбетов аяқ киім тігетін шеберхана ашқан. Ондағы алты шебер күніне он шақты өнім шығарады.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сунақ ата ауылының тұрғыны Өмірзақ Ермаханов әртүрлі көлік бөлшектерінен шағын трактор жасап алған.
Қызылорда мен Жезқазған қалаларын жалғап жатқан республикалық дәрежедегі жол жауыннан соң ми батпаққа айналады.
Астанада ақылы спорт залдарынан бөлек, аула мен саябақтардағы спорт алаңдары бар. Ал Қызылорда маңындағы Қызылжарма ауылында спорт зал жоқ. Мәдениет және спорт министрлігі бұқаралық спортты дамыту үшін ауылдық жерлердегі «спорт алаңдарын» көбейтпек.
Қазалы ауданы Бірлік ауылындағы ата-аналар апатты жағдайдағы ауыл мектебінің жағдайына билік орындары назар бұрса екен дейді.
Қызылордадағы бірнеше үйдің тұрғындары ауыз суды дүкеннен не көршілерінен алып күн кешіп жатыр.
Қызылорда облысы Қамыстыбас ауылында мұғалім «қаламсап лақтырып», оқушының көзі зақымданды. Мұғалім ауыр айыппұл арқалап, жұмыстан кетті. Ал наразы ата-ана баласын мектепке әлі жібермей отыр.
Қызылорда қаласы шетіндегі Саяхат ықшам ауданында үзілген электр сымдары мен шашылған қоқысқа тұрғындар наразы. Жергілікті билік өкілдерінің өз уәжі бар.
Азаттық тілшілері адамдардың сайлау алдындағы уәдеге қаншалықты сенетінін сұрап көрді.
Тағы