Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда үш ай бұрын жарияланған карантин елдегі жұмыссыздар санын арттырды. Алматы көшелерінде жұмыс іздеп жүргенін, еңбекақы азайғанын айтатындар көп. Бірақ еңбек министрлігі де, статистика комитеті де нақты қанша адамның табыссыз қалғанынан хабарсыз.