Азаттық Алматы тұрғындарынан "Бастауыш сынып оқушыларына латын қаріпті қазақ әліпбиін үйрету бастамасына қалай қарайсыз деп сұрады?
Бір топ зейнеткер "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық филиалы ғимаратының алдында "Елбасы, араша!" деген жазуы бар плакат ұстап, Қазақстандағы сот, прокуратура жүйесіне наразы екендерін айтты.
Шымкентте тозған үйді жалдап тұрған көп балалы науқас әйел Алматы маңындағы жаңа үйге көшіп келді. Қатерлі ісік дертімен ауыратын Ділбар Құттыбай мен балаларына жеке кәсіпкер демеуші болған.
10 қазанда түнге қарай қазақ-қырғыз шекарасынан өтудің қиындағаны туралы әлеуметтік желілерде ақпарат көбейді. Азаттық тілшілері Жамбыл облысы Қордай кентіндегі «Қордай» кеден бекетіне барып, мән-жаймен танысуға тырысты.
Экс-дипломат Қазбек Бейсебаев "Қырғыз президенттігіне кандидаттың бірін қабылдаған Қазақстан өзіне қолайлы үміткердің кім екенін аңғартқандай болды, ал қырғыз президенті Атамбаевтың қазақ билігін сынауы екі ел арасына жік түсіруі мүмкін" дейді.
Қазақстанда жанар-жағармай бағасы күн санап өсіп келе жатқаны байқалады. Бензин құю станцияларында әзірге баға бірдей емес, 146-151 теңге аралығында. Көлік жүргізушілері "бағаның артуы қалтаға ауыр тиіп жатыр" десе, сарапшы маман "бұдан шығатын жол - мұнай өңдеуші жаңа зауыт салу" дейді.
Мұғалімдер құқығын қорғайтын "Ар-Намыс" ұйымының жетекшісі Ғалия Әміртаева Қазақстан мектептерінде мұғалімдердің жетіспеу себебі туралы, оларды кәсіби міндетінен тыс науқандарға салу жайлы пікірін айтты.
Қазақстанда долларға сұраныстың екі есеге артқаны хабарланды. Мұның себебі не? Экономист Айгүл Мәкеновамен сұхбат.
Қыркүйек айы басталғалы Алматыдағы "Оңай" қызмет көрсету орталығының алды - ұзын-сонар кезек. Оңайлатылған төлем картасын алуға келген студенттер мен оқушылар "таңнан кешке дейін отыратынын, базаның істемей қала беретінін" айтады.
Алматылық Надира Ауқадиева қатерлі ісік ауруына шалдығып, бір аяғынан айырылған. Протезге мұқтаж қызға протез жасау үшін Республикалық протез-ортопедия орталығы қаржыландыру күтіп отыр.
Үш айға созылған EXPO-2017 халықаралық көрмесі кеше аяқталды. Халықтың бұл шара жайлы пікірлері әртүрлі.
Алматының орталығындағы Фурманов көшесінің бір бөлігі жабылды. Адамдар жолынан қалып, көліктер кептелісте бөгелді.
Бас бостандығы үш жылға шектеліп, үш жыл журналистік қызметпен шұғылдануына тыйым салынған Жанболат Мамай Азаттық тілшісімен сұхбатында өзіне қатысты үкім туралы пікірін айтты. Алматы, 7 қыркүйек 2017 жыл.
«Трибуна. Саяси қалам» газеті бас редакторының міндетін атқарушы журналист Жанболат Мамайдың соты аяқталды. Cудья Дәурен Мәукеев оны «қылмыстық жолмен табылған қаржыны заңдастыруға қатысты айыпты» деп танып, бас бостандығын 2 жыл 5 ай 5 күнге шектеп босатты.
2017 жылдың 10 ақпанынан бері қамауда отырған журналист, «Трибуна. Саяси қалам» газеті бас редакторының міндетін атқарушы Жанболат Мамай бүгін сотта соңғы сөзін айтты. Оған қылмыстық кодекстің 193-бабы бойынша «Қылмыстық жолмен алған ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыру» айыбы тағылған.
Алматы қаласының Медеу аудандық 2-сотында журналист Жанболат Мамайдың үстіне қозғалған қылмыстық істің жарыссөзі өтті. Прокурор судьядан оның бас бостандығын төрт жылға шектеуді және үш жылға дейін журналистік қызметпен шұғылдануына тыйым салуды сұрады. Ол талаппен зардап шегуші тарап - БТА банк өкі
Бүгін Алматыдағы валюта айырбастау орындарында долларды сатып алу 337,7, ал сату 338,7 теңге болып тұр. Азаттық тілшісі ел пікірін сұрап көрген еді.
Алматының Медеу аудандық 2-сотында «Трибуна. Саяси қалам» газеті бас редакторының міндетін атқарушы, ақпаннан бері қамауда отырған Жанболат Мамайдың соты жалғасты.
Жыныстық зорлыққа қарсы "Немолчи.kz" қозғалысына бір жыл толды. Жәбірленген әйелдерге демеу көрсетуді мақсат еткен қозғалыс биыл 15 адамның ісін сотқа жеткізген.
АҚШ доллары 2 тамызда кейбір ақша айырбастау орындарында 343 теңгеге дейін қымбаттады. Бұған не себеп? Азаттыққа экономист Меруерт Махмұтова сұхбат берді.
Тағы