Астанадағы мемлекет қажеттілігі үшін сүрілмек «Щебсклад» саяжайының ондаған тұрғыны қалалық әкімдіктің алдына жиналды.
Тасқыннан зардап шеккен Қарағанды облысының кейбір тұрғындары өтемақы көлеміне риза емес. Жергілікті әкімдік өкілдері реніштілер бағалаушы компанияны сотқа бере алатындарын айтады.
Астанада блогер суретші Аңсаған Мұстафаның Қазақ хандығының 550 жылдығына арнаған көрмесі ашылды. Суреттер киімге де басылған.
Белсенділер тасқыннан зардап шеккен Ақмола облысындағы Оразақ ауылына гуманитарлық көмектің баяу жиналып жатқанын айтады. Тұрғындар «киім-кешек пен азық-түлік жетеді, қаржыға зәруміз» дейді.
Астанаға таяу Оразақ ауылындағы 200-ден астам үйді қызыл су басып қалды. Ауыл тұрғындары қайықпен қатынау үшін кезекке тұрады.
Алдын ала жарияланған деректер бойынша, кезектен тыс президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев 98 пайызға жуық дауыс жинап, жеңіске жетті. Сарапшылар Назарбаевтың жеңісін әрқилы бағалайды.
Астанадағы 89-сайлау учаскесінде дауыс беру үшін сайлаушыларға кезек күтуге тура келді.
Астанадағы 83-сайлау учаскесінде қаладағы 17-мектеп оқушысы сайлаушыларды әнмен қарсы алып тұр. 26 сәуір 2015 жыл.
Су басқан Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Ағанас ауылының тұрғындары бес күннен бері үйлеріне жете алмай отыр.
Азаттық тілшілері Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында болып, тасқын су басқан Садовое және Ғабиден Мұстафин ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Екі ауыл да тасқыннан қатты зардап шеккен.
Тасқын қаупі туралы хабарлама алдын ала айтылғанын Қарағанды облысы тұрғындары растайды. Бірақ ешкім осыншалықты мол су келеді деп ойламаған.
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы Ғабиден Мұстафин ауылында 900-ге тарта үйдің 700-і су астында қалған. Арнайы фоторепортаж.
Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Садовое ауылындағы 70-ке тарта үйдің 300-дей тұрғыны көршілес Гагарин ауылына көшірілген.
Владимир Божко Қазақстанның бірнеше өңірінде болған су тасқынының ауқымы туралы айтты.
Мектеп түлектерінен ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш қабылдана бастады. Астаналық кейбір ата-ана Азаттыққа «мұғалімдер баламызды тестілеуге жібергісі келмейді» деген шағым айтты.
«Шығыс» тұрғын үй кешенінің ондаған үлескері осы нысанды салып жатқан KAONTECH International компаниясымен келісімге келді.
Астанадағы "Орал-дизайн инвест" компаниясының үлкескерлері "салынып бітпеген пәтерімізді қалалық әкімдік алып қойды" дейді.Ал, қалалық әкімдіктің өкілі құрылыс компаниясы әкімдіктің пәтерін сырттай сатып жібергенін айтады.
Наурыздың 28-і күні Астанада «Жер сағаты» акцияы өтті. Қаланың сол жағалауындағы бірнеше ғимараттардың жарығы бір сағатқа сөндірілді.
Президенттік сайлауға тіркелген қандай кандидаттарды білетінін Азаттық тілшісі Астана тұрғындарынан сұрап көрді.
Астанада "Армысың, әз Наурыз" атты мерекелік шараға жиналған жастар арқан тартысып, алтыбақан теуіп, қол күрестіріп, ән-күй тыңдап тарқады.
Тағы