Түрмеде жатқан диссидент Ермек Нарымбайдың аштық жариялағанына 40 күн болды. Адвокатының айтуынша, жағдайы жақсы емес, тіпті кеше кездесуге шыға алмаған. "Қатты әлсіреген, қан қысымы тұрақсыз" дейді ол.
Президент сайлауына кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды үгіт-насихат науқанына тұтас мәжіліс жұмылған. Депутаттар өңір аралап, елді үміткеріне дауыс беруге шақырып жүр. Бұл – парламент жұмысына кедергі емес пе?
Қазақстанда 20 қараша күні мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауын бақылауға ерікті ұйымдар пайда болып жатыр. Ешкім қаржыландырмайтынын айтқан еріктілер өздерін тәуелсіз санайды. Өзге бақылаушы ұйым бұған күмән келтіреді.
4 жасар Айкөркем Меделхан – Қаңтар дүрбелеңінде көз жұмған жеті баланың бірі. 7 қаңтарда әскерилер оқ жаудырған көлікте Айкөркем аға-әпкелерімен бірге болған. Оқ бүлдіршіннің маңдайына тиген. Содан бері тоғыз ай өтті, бірақ тергеу аяқталмаған.
Қазақстанның екі азаматы Қырғызстанда екі айға қамалды. Қамалған алматылық белсенділер – Асхат Жексебаев пен Диана Баймағамбетова. Олар қырғыз билігінен босқын мәртебесін сұрап барған. Екеуі де бұған дейін Қазақстанда «тыйым салынған ұйымға мүше болды» деп айыпталып, сотталған.
Алматыда "қаржы пиримидасына алдандық" деген бір топ азамат полиция департаментіне барып, компанияны құрған адамдардың ұсталмағанына шағымданды. Олардың сөзінше, алдап кеткен адамның бірі – экс-депутат.
20 қарашадағы президент сайлауы кезінде Алматыда 600-ден астам учаске жұмыс істейді. Олар қазірден бастап дайындыққа кірісіп кеті. Азаттық тілшісі бірнеше учаскені аралап, комиссия мүшелерімен сөйлесті.
Қаңтар оқиғасында азапталған Самат Нұрмұханов медициналық көмекке зәру. Алайда тегін емделуге медициналық сақтандыруы жоқ, ақылы қаралуға қаржысы жоқ. Өзін азаптағандарды жауапқа тартуы да екіталай, азаптау фактісіне қатысты қозғалған іс тоқтаған.
Сенат Қаңтар оқиғасына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасын мақұлдап, президентке қол қоюға жіберді. Билік «гуманистік қадам» деп бағалаған құжатқа сай, «қорғану мақсатында» не «кездейсоқ адам өлтіру» бабы бойынша айыпталғандар да рақымшылыққа ілінбек.
Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жері туралы дауға сот үкімі шықты. Ауданаралық экономикалық сот 2017 жылы университет жерін кішірейткен әкімдік қаулысының және алынған жерді Тимур Құлыбаевтың иелігіндегі компанияларға беру туралы шешімнің күшін жойды.
25 қазан - Республика күні Қазақстандағы оппозициялық күштер жаппай наразылыққа шақырды. Олар алдымен заңға сәйкес жергілікті билікке хабарлама берген. бірақ митинг өткізуге рұқсат берілмеді. Бәрібір талаптарын айтпақшы болғандарды полиция үйінен әкетіп, 4-5 сағат ұстап, кешке босатты.
Құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" тізіміне қосқан Ермек Нарымбаевтың түрмеде аштық жариялағанына 17 күн болды. Диссидент сырттағы қолдаушыларына "Өлім" деп аталатын өсет-хат жазған. Адвокаты Нарымбаевтың әбден әлсірегенін айтады.
Ресей қарулы күштері Украинаға тағы да әуеден шабуыл жасады. Киев пен өзге қалаларға ұшырылған дрондар тұрғын үйлерге, инфрақұрылым нысандарына түскен. Украина Ресей әскерінің ісін теракт деуден танбайды. Ал Ресей «көздеген нысанаға дөп тидік» деп отыр.
Kезектен тыс президент сайлауына қарсы шыққан, қаладағы жұмыссыздар мәселесін айтып жүрген жаңаөзендік белсенді Мұратбай Жұмағалиев соққыға жығылғанын хабарлады. Оның сөзінше, белсендіні арнайы жасақ киіміндегі он шақты жігіт ұрып кеткен. Полиция істі тергеп жатқанын айтады.
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда тергеу абақтысына қамалып, азаптауға ұшыраған азаматтардың бірі – Қосай Маханбаевтың қамауда жатқанына төрт айға жуықтады. Осы аралықты қарт анасы инфаркт алып, қазір тұра алмай қалды. Адвокаттары қарт ананың жалғыз асыраушысы Маханбаевты босатуды талап етеді.
Қаңтар оқиғасына қатысты істі болып, қамауда жатқан Әділет Мусиннің туыстары жігітті "түрме әкімшілігі ұрып-соқты" дейді. Іске қатысты сараптама жасалған, тергеу жүріп жатыр.
Қазақстандық құқық қорғаушы Варшавадағы жиында 29-30 қыркүйек күндері екі рет баяндама оқып, президент Тоқаевтың Қаңтардағы оқ ату бұйрығын сынады және елдегі саяси қудалауды сөз етті. Президенттің саяси реформа туралы уәделерін қайталаған билік өкілі жиында қаңтар туралы жақ ашпады.
Қаңтар оқиғасына байланысты сотталып жатқандар "кінәсін мойындаса ғана рақымшылыққа ілігеді" дейді бас прокуратура. Балаларының жазықсыз сотталғанын айтқан ата-аналар бұған наразы. Құқық қорғаушы сөзінше, қылмысты мойындамағандарға да президент рақымшылығын қолдануға болады.
Қаңтар оқиғасы кезінде уақытша қамау изоляторында азаптаулардан көз жұмған Жасұлан Анафияевтың жақындары кінәлілердің бостандықта жүргеніне наразы. Азаптаудан тірі қалған қырғыз музыканты Викрам Рузахунов қазақ үкіметінен өтемақы талап етеді.
Бір кездері екі сөзінің бірі "елбасы" болатын депутаттардың кейбірі қазір экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты атамауға тырысады. Кейбірі астананы Нұр-Сұлтан атауынан айыруды, тұңғыш президент күнін тойламауды талап етеді. Ендігі кезек "елбасының" ескерткіштеріне келе ме?
Тағы