Қазақстанда трансшекаралық өзендер тартылып, су мөлшері азайып барады. Су тапшылығы егін, мал, балық шаруашылығына орасан зиян. Қазір Орта Азия елдерінен келетін Сырдарияның Қызылорда тұсында, Ресейден ағатын Жайық өзенінің Орал қаласы тұсындағы арнасының тең жартысына жуығы құрғаған.