"Демократиялық партия" құру бойынша бастамашыл топ өкілдері жаңа Конституция қабылдауды ұсынып, құжат жобасын таныстырды. Оппозициялық саясаткер, журналист Жанболат Мамайдың сөзінше, бұл құжат Қазақстанда президенттің өкілетін азайтып, жаңа парламент — "Ұлттық құрылтайдың" ықпалын күшейтеді.