Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
10 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысын өткізіп, коронавирус дағдарысына министрлер мен әкімдерді айыптады. Екі аптада жағдай реттелмесе, үкіметті тарату мәселесін көтеретінін айтты. Саясаткер Уалихан Қайсар қазіргі үкімет екі аптада жағдайды өзгерте алмайды дейді.
Қазақстан үкіметі елдегі күнкөріс минимумы мамыр айында 32 127 теңге болғанын хабарлады. Биліктің пайымдауынша, осы ақшаның жартысына бір адам бір айға жететін азық-түлік сатып алады. Бірақ ішіп-жем мен өзге де тауардың қымбаттағанын айтқан халық үкімет есебіне күмән келтіреді.
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ Еуропа елшіліктері алдына жиналып, Қазақстандағы адам құқығының бұзылмауын талап еткен бір топ адамды алып кетті. Олар 6 маусым күні оппозициялық топтар ұйымдастырған митингіден кейін ұсталып, қамауда отырғандарды босатуды сұраған.
Нұр-Сұлтанда карантин талаптарына наразы бір топ ресторатор, асаба және кәсіпкер әкімдіктен тойханаларды ашуды талап етті. Олар коронавирус пандемиясы кезінде табыстан қағылғанын, күнкөріс қиындағанын айтады.
Қазақстан билігі коронавирусқа қарсы күресті жалғастыра беретінін айтып, тұрғындарды топтаспауға, маска тағып жүруге шақырады. Бірақ Нұр-Сұлтан ішінде жүретін қоғамдық көліктердегі ахуал керісінше. Таңертең жұмысына, кешке үйіне асыққан жұрт талаптың бәрін орындай алмайтынын айтады.
Қазақстан сенаты "депутаттардың мәртебесі туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобаларын қабылдады. Құжатта "Ақ жол" партиясы ұсынған "парламенттегі оппозиция" туралы бөлігі де бар. Заңды әзірлеушілер "өзгеріс елді демократияға бастайды" десе, сарапшылар "көзбояу" деп есептейді.
Қазақстанда оннан аса телеарна журналистері отыратын Қазмедиа орталығында екі адамнан коронавирус анықталды. Үш мыңдай қызметкердің ішінен ғимаратқа кіруге рұқсаты барлар саны үш жүзге дейін қысқарды.
Тіркелмеген “Көше партиясы” қозғалысын Қазақстан бас прокуратурасы “экстремистік ұйым” қатарына қосып, қызметіне тыйым салды. Құзырлы орган қозғалысты “Мұхтар Әблязов құрған ҚТД ұйымымен байланысты” дейді. Белсенділер мұны жоққа шығарады және сотқа шағымданбақ.
Нұр-Сұлтанда 18 мамырдан бастап балабақшалар мен мейрамхана, кафелер жұмысқа кірісті. Қалада адам саны да арта түскен. Дегенмен короновирус жұқтырған науқастар саны күрт көбейген. Министрлік өкілі вирус жұқтырғандардың өсуін "карантин талаптарын сақтамады" деп тұрғындардан көреді.
Мәжілістен сенатқа келіп, сенаттың қарауынан өтпей қалған "Бейбіт жиындар туралы" заң жобасы жайлы белсенділер не дейді?
Қоғамда наразылар көп болса да мәжіліс екпе салуды міндеттейтін заң жобасын мақұлдап, сенатқа жолдады. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасын денсаулық сақтау министрлігі дайындаған.
Төтенше жағдай аяқталған соң Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жұмысы жанданды. Банктер мен халыққа қызмет көрсету орталықтары да жұмыс істей бастады. Бірақ несиесін төлеуге, зейнетақысын алуға немесе қандай да бір құжатын жасатуға келген жұрт сағаттап кезек күтетіндеріне қынжылады.
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында үйлері су астында қалған тұрғындарға арнап ден көп үйі бар жаңа аудан салынып жатыр. Бірақ кейбір тұрғын "Үкімет беріп жатқан жаңа баспана бізге берілмеді" деп шағынды.
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылындағы облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкерлері үстемақы алмағандарын айтып, кешке дейін жұмысқа шықпады. Аудан әкімінің орынбасары оларды полиция, әкімдік қызметкерлерімен салыстырып, ұрпаққа үлгі көрсетуге шақырды.
Бірыңғай жиынтық төлем (орысша - ЕСП) төлеп, 42 500 теңге алғандарды үкімет "өздерін кәсіпкер ретінде растағандар" деп есептейді. Сарапшының сөзінше, мұның артында биліктің "жұмыссыздар санын қысқартып көрсету саясаты жатыр".
Пандемия кезіндегі Қазақстанның мәдениет саласы мен спортшылардың жұмыс кестесі өзгерген. Көбі арнайы жаттығу залында істейтін машығын үйде отырып жасауға мәжбүр. Сахнаға бара алмай жүрген биші мен далаға шығып жүгіуден қалған спортшы бабын қалай сақтайтынын өздері айтып береді.
Коронавирустың таралуына байланысты 19 наурыздан бері карантинге жабылған Нұр-Сұлтанда азық-түлік күн санап қымбаттап келеді. Тұрғындардың сөзінше, кейбір тауардың құны 15, кейбір өнім бағасы 30 пайыздай өскен.
Қазақстанда 42 500 теңгенің жыры әлі бітпей тұр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, қазірге дейін төрт миллионға жуық азамат арнайы көмекті алып үлгерген. Әйтсе де барлық талапқа сай, бірақ қаржылық жәрдемнен қағылған жандар көп.
Нұр-Сұлтан қаласының қақ ортасында құрылыс құрсауында қалған баспана бар. Бұрынғы "Ударник" саяжай кешенінің тұрғындары құрылыс компаниясы ұсынған өтемақыға келіспей отыр. Айтуларынша, ақша аз және басқа жақтан үй сатып алуға жетпейді.
Тайланд мен Индонезияға демалуға барған қазақстандықтар елге қайта алмай отырғанын айтып, шағымданды. Туристердің сөзінше, көбі сапарын бір айға ғана жоспарлаған. Төтенше жағдай жарияланған соң, рейстер тоқтап, билеттері жарамсыз болып қалған.
Тағы