Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Қорықшыларға шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр. Полиция "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді. Күдіктілердің аты-жөндерін атамаған министр "олар - Қызылорда облысының тумалары" деді.
Ұлттық банк дерегінше, Қазақстан халқының жеті пайызы ғана 300 мың теңге табыс табады. Алты пайызға жуық тұрғынның табысы - 40 мың теңгеден төмен. Желтоқсанның соңында президент Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге берген сұқбатында "елдегі отбасылардың орташа табысы – 500 жүз мың теңге" деген.
Астанаға жақын Жібек Жолы ауылындағы мектепте жылу жоқ. Мыңға жуық оқушы сыныпта сырт киімдерін шешпей отырады. Билік мәселені шешеміз деп уәде берді. Бірақ ата-аналар сенбейді.
Тараз тұрғыны "дәрігерлердің сылғырттығынан баламның аяғы көгеріп кетті" дейді. Ал дәрігерлер бұл айыпты жоққа шығарады.
Астанадағы №4-олимпиадалық резерв спорт мектебінің 500-ге жуық жас спортшысы жүзіп дайындалатын бассейн таппай жүр. Балалардың ата-аналары "Нұр Отан" партиясынан және қалалық әкімдіктен көмек сұрады.
Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қаладағы орташа жалақы - 230 мың теңге. Астанадағы жиында айтылған бұл дерекке тұрғындар сене ме? Сарапшы қандай пікір айтады?
Соңы наразылыққа ұласқан Қарағандыдағы оқиғаға байланысты мәжіліс депутаттары пікірлерін айтты
Биылғы соңғы отырысында Қазақстан үкіметі жұмысын қорытындылады. Азаттық тілшілері үкіметтің кей мүшелерінен 2018 жылы жұмысында қандай қиындықтар мен жетістіктер болғанын сұрады.
Қазақстанда көмір тапшылығы жылда байқалады. Астанада көмір ала алмай жүргендердің қарасы көп. Билік 2019 жылдың соңы мен 2020 жылдың басына дейін "Сарыарқа" магистралды газ құбыры негізінде "Астанаға газ келеді" сендіреді.
Қазақстанда биыл теңгенің долларға шаққандағы құны жиі құбылды. Күзде 1 доллар 385 теңгеге дейін жетті. Қазір айырбастау пунктерінде бір доллар 377-378 теңгеден сатылып жатыр. Тұрақталмай тұрған теңгенің қазіргі жағдайы туралы сенат депутаттарынан сұраған едік.
Жуырда Digital Revolution хакерлері Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметіне қарасты институт серверіне бұзып кірген. Хакерлердің дерегінше, Қазақстан ақпарат және коммуникация министрлігі әлеуметтік желіге мониторинг жасайтын жобаға тапсырыс берген.
Желтоқсанның 17-сі күні БҰҰ Ресейдің Қырымдағы, Азов теңізіндегі әрекеттеріне қатысты қарар қабылдады. Қарарда "Ресей Украинаның тұтастығы мен егемендігіне қауіп төндіреді" деп жазылған. Құжатты Украина ұсынған. Қарарды 66 мемлекет қолдап, 19 ел қарсы болған. Тағы 72 мемлекет қалыс қалған. Қалыс қал
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ондаған адамға түрлі орден тағып, атақ берді. Сыйлық алғандар арасында президенттің кіші қызы Әлия Назарбаева да бар.
Елде шағын және орта бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыссыздар мен өз-өзін жұмыспен қамтығандарды бизнеске оқытып, кәсібін ашуға несие бермек. Бірақ елдегі кәсіпкерлер қағазбастылық пен парақорлыққа шағымданады.
Астанада бір топ белсенді Денсаулық сақтау министрлігінің 16 жастағы қыздарға ата-ана рұқсатынсыз түсік жасатуға ерік беру туралы ұсынысына наразылық білдірді.
Қазақстанда 26 миллион ұялы телефонның 14 миллионы тіркелген. Бұл туралы мәжілісте өткен үкімет сағатында айтылды.
Қамау орындарындағы діни радикализммен қалай күресу керек? БҰҰ бастамасымен Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде өткен дөңгелек үстелде құзырлы орган өкілдері, құқық қорғаушылар мен дін саласының мамандары түрмедегі экстремизм мәселесін талқылады.
Қазақстан жастары орта есеппен 16 жасында сексуалдық қатынасқа түсе бастайды. Олардың көбі жыныстық аурулардан сақтанбайды, түсік тастау көп.
СПИД-ке шалдыққан алғашқы науқас Астанада 21 жыл бұрын тіркелген тіркелген. Қазақстанда бұл дертті 30 мыңға жуық адам жұқтырған.
БҰҰ бастамасымен 25 қараша мен 10 желтоқсан арасы "Зорлықсыз 16 күн" деп жарияланған.
Тағы