Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Ақмола облысы Атбасар қаласындағы колонияда отырған белсенді Тимур Дәнебаевты азаптаған видео тарады. Оқиғаны қылмыстық атқару-жүйесі комитеті растап, тергеу басталғанын мәлімдеді. Дәнебаев көпшілікке Қаңтардағы "20 мың бандит" деген сөзі үшін президенттің үстінен жазған арызымен таныс.
4 қыркүйек – дүниежүзі бойынша атап өтілетін Жыныстық саулық күнінде Азаттық осы тақырыпты қозғап жүрген журналистен алған сұхбатын ұсынып отыр.
Қазақстандық компаниялар санкция тізіміне кірген ресейлік ағаш өнімдерін Еуропаға реэкспорттады деген күдікке ілінді. Еурокомиссия дәлелдер жеткілікті деп тергеуге кірісіп кетті. Астана әріптестік жасауға дайынбыз деді. Азаттық күдікті компанияларды анықтады.
Ресейдің Алматыдағы бас консулы Евгений Бобров дипломатиялық миссиясы ақталуға санаулы күн қалғанда "Қазақстанда орыс тілінің аясы тарылып бара жатыр" деп сұхбат берді. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі "Бобров елдегі орыс мектептері туралы толық статистиканы білмейтін шығар" дейді.
Азаттыққа хабарласқан бірнеше адам Қытайдағы Қазақстан консулдығына қарайтын виза беретін ресми орталыққа құжат тапсыру үшін "ақша төлеп кіруге мәжбүрміз" дейді. Қазақстан СІМ өкілі "консулдықтың саудаға қатысы жоғын" айтады. Азаттық мән-жайды сұрастырып көрді.
Астанада 26 мың оқушыға орын жетпейді. Білім басқармасы дерегінше, тапшылық Есіл және Нұра аудандарында қатты байқалған. Қаладағы сегіз мектеп үш ауысымда оқытса, жиырмаға жуық мектепте бала саны тиісті мөлшерден әлдеқайда асып кеткен. Билік жағдай жаңа аудандарда ушығып тұр дейді.
Азаттықтың Қырғыз қызметі жақында өте көп электр қуатын пайдаланып жатқан майнинг-ферма туралы зерттеу жариялады. Артынша Бішкек компания мен мемлекет арасындағы шарт тоқтағанын, майнинг-ферма Қазақстанмен келісім орнатқанын мәлімдеді. Азаттық бұл туралы Қазақстанның энергетика министрінен сұрады.
Қазақстан билігі "Талибанды" 2005 жылы "террористік ұйым" деп таныған. Бірақ Астана мұны Ауғанстанмен экономикалық байланыс орнатуға кедергі деп санамайды.
Ақмола облысына қарасты Державин қаласының атауы Кенесары деп өзгеруі мүмкін. 19 маусымда жергілікті әкімдік өткізген жиында ескі атауды ауыстыру ұсынысын шараға қатысқан халықтың жартысынан көбі қолдап, дауыс берген. Бірақ қала тұрғындарының кейбірі бұл шешімді заңсыз деп, қарсылық білдіріп жатыр.
Бүгін, 6 шілде Қазақстанда астана күні тойланып жатыр. Азаттық тілшісі астаналықтардан қала күнінің Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс аталып өтуіне қатысты пікірлерін білді.
8 маусым күні тіркелмеген "Алға, Қазақстан" партиясының белсенділері Астана, Алматы мен Петропавлда жоспарланған митингісін өткізе алмады. Кейбірін полиция ұстап әкеткені хабарланды. Астана полициясы Азаттыққа "ешкім ұсталған жоқ" деп жауап берді, бірақ құзырлы орган ресми ақпарат таратпады.
Бірақ шаруа аяқталғанда жұмысты үйлестірген «Қоянды тазалық» мекемесі айлықты төлемеген. Бұған кәсіпкердің тендерден ұтылып қалғаны себеп болған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргінді "нәубет" деп атап, оны келешекте қайталамауымыз керек деді. Бірақ билікті сынап, еркін пікір білдіргені үшін қудаланған азаматтық белсенді президенттің бұл сөзіне күмән келтіреді. Оның сөзінше, Қазақстанда тоталитар режим әлі де бар.
Астанада Қаңтар оқиғасынан кейін "20 мың террорист туралы жалған ақпарат таратты" деп президент Тоқаевтың үстінен арыз жазбақ болған азамат – Тимур Дәнебаевтың соты басталды. Украинадағы соғысқа қарсы пікір айтқан ол былтыр желтоқсанда "ұлтаралық араздық қоздырды" деген күдікпен қамалған еді.
Ресейде еңбек мигранттарына рейд жиіледі. Полиция олар тұратын елді мекендерді аралап, көзге түскен мигранттарды ұстап, учаскелерге апарады. Осындай жағдай Санкт-Петербург қаласында да болды. Полиция мигранттардың кейбірін ұстау кезінде соққыға жыққан.
Бірнеше басылым "Санкцияны бұзу. Дрондар мен чиптер Ресейге Қазақстан арқылы қалай жетеді?" атты зерттеу жариялады. Журналистер былтыр соғыс басталғанда тасымалына тыйым салынған дрондарды Қазақстанда тіркелген екі компания Ресейге жеткізіп отырғанын анықтаған.
Қазақстан мен Қытай өз азаматтары туралы ақпарат алуға уағдаласты. Бұл келісімге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 17-19 мамыр күндері Қытайға сапары кезінде қол қойылған. Құқық қорғаушы келісімнен саяси қуғын көргендер зардап шегуі мүмкін дейді.
11 мамырда Ресейдің Самара қаласының соты қазақстандық Абзал Есенді "есірткі тасымалдау" бабымен жеті жылға соттады. Туыстарының сөзінше, Абзал айыпты мойындамайды. Ол сот кезінде ана-анасына түрмеде өзін "Украинадағы соғысқа алып кетуі мүмкін екенін" айтқан.
Қазақстанда несиесін өтей алмай, төлеу мерзімін кешіктірген азаматтарға өзін банкрот деп жариялауға мүмкіндік беретін "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң күшіне енгеніне 2,5 айға жуықтады. Ресми мәлімет бойынша, өзін банкрот деп тануға 15 мамырға дейін 51 мың азамат өтініш берген.
Жаңаөзен қаласында тұрақты жұмыс сұраған 15 шақты тұрғын екі күннен бері аштық жариялап жатыр. Қала билігі оларды "ұсынған жұмысқа бармайды" деп кінәлады.
Тағы