Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
20 сәуірде Қазақстан парламентінің төменгі палатасы әлеуметтік желілерді "реттеуге негізделген" заң жобасын мақұлдап, президентке жолдады. Бұған дейін сенат енгізген өзгерістермен мәжіліс толық келісті. Қоғам наразылығын туғызған "кибербуллинг туралы" заң жобасын депутаттар талқылаған жоқ.
Кейінгі күндері Қазақстан парламенті журналистермен алысып әлек. "Тілшілер депутаттардың соңынан жүгірмесін, біз көрсеткен жерде тұрып сұхбат алсын" дейтін талап қояды. "Төртінші билік" өкілдерін жоғарғы палата жертөлеге түсіріп тастады.
Қаңтар оқиғасы кезінде баласы қаза тапқан, туысы қамалған бір топ адам әділдік талап етіп Нұр-Сұлтанда жүр. Алматы, Тараз, Шығыс Қазақстаннан келген тұрғындар президенттің қабылдауын сұрайды.
"Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Нұр-Сұлтан іргесінде 150 гектар жері мен зәулім саяжайы бар" дейтін ақпарат тарады. Ашық дереккөздерден ақпаратты растау қиын. Бірақ саяжай маңын мемлекет күзетеді, ешкімді жүргізбейді.
Қазақстанда кейінгі кезде жалақы мен жұмыс орындарының аздығына шағым көбейген. Осы орайда Азаттық тілшісі үкімет басшысының орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан жалақы мөлшері туралы сұраған. Министр "жұмыс жоқ" дейтіндерді "масыл" деп сынаған. Министр сөзіне қатысты бүгін депутаттардың ойын сұрадық.
Қазақстан президенті мен өзге де жоғары лауазымды шенеуніктерге "қастандық жасауға тапсырыс алған шетелдік барлау агенті" келген мемлекетпен Нұр-Сұлтан қандай дипломатиялық қарым-қатынас ұстанады? Азаттық сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіден сұрады.
Қазақстанда Орталық сайлау комиссиясы қайта жасақталып жатыр. Мәжілістің тағы бір депутаты мандатын тапсырып, комиссия құрамына ауысты. Заң бойынша жеті адамның үшеуін президент, төртеуін парламент тағайынтын комиссияның алдағы сайлауларды әділ өткізе алатынына сарапшы күмәнмен қарайды.
Қазақстан үкіметі соғыс болып жатқан Украина жеріне жеті ұшақ жіберіп, мыңға жуық азаматын эвакуциялады. Алайда тағы қанша адам қалғаны белгісіз. Азаттық сөйлескен кейбір қазақстандық оқтың астында, оттың құшағында қалған Украинаны тастап кетпейтінін айтады.
Әлеуметтік желіде "Қазақстандықтар цензураға қарсы!" деп аталатын петицияға қол жинау жалғасып жатыр. Оның авторлары сенат пен президентті мәжіліс мақұлдап жіберген заң жобасын қабылдамауға шақырады. Қабылданса сөз бостандығына, ақпарат тарату еркіндігіне қауіп төнеді дейді.
Қазақстан мұнайының негізгі бөлігін экспорттайтын "Каспий мұнай құбыры консорциумында" апат болып, мұнай тасымалдау қиындады. Новороссийск түбегіндегі бүлінген құбырды жөндеуге Қазақстан билігі үш аптаға, Ресей тарабы бірнеше айға созылуы мүмкін екенін айтады.
9 наурызда Қазақстанда теңге тағы да құнсызданды. АҚШ долларының құны 510 теңгеге жетті. Бұл - бұрын соңды болмаған көрсеткіш. Сарапшылар жағдай жалғаса берсе, ел экономикасы құлдырайды деп қауіптенеді.
Ресейдің Украинаға шабуылынан соң Батыс Ресейді «агрессор» деп айыптап, санкциялар легін көбейткен. Бұл жағдайдан соң сарапшылар Қазақстан ҰҚШҰ мен ЕАЭО секілді Ресейдің ықпалы жоғары ұйымдардан шығуы керек деген мәселе көтеріле бастады. Сенат депутаттары Қазақстан Ресеймен ортақ ұйымдардан бас тарт
Қазақстан жұрты Украинаға материалдық көмек жөнелтіп жатыр. Бастамашыл топ өкілдері жиналған заттар мен қаржыны бүгін Украина елшілігі ғимаратына апарып тапсырды.
Ерлі-зайыпты Нұртай мен Нарғыз Үмітбаевтар – Жаңаөзендегі көп бала тәрбиелеп отырған отбасының бірі. Қиыны – үш баласы мүгедек. Олар баспанаға да, ішіп-жемге де мұқтаж. Үкіметтен берілетін көмекті алуға жас әйелдің азаматтығы жоқтығы да кедергі.
Ресей Украинаға басып кірген соң батыстың санкциясына ұшырап, рублі құлдырап кетті. Салдарынан теңге әлсіреп, ұлттық валютаның бір долларға шаққандағы құны айырбастау пунктерінде 500 теңгеге жетті. Бұл Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді? Доллардың қымбаттауына ел экономикасы дайын ба?
Ақпан басталғалы Маңғыстау өңірінде он шақты мекеме жұмысшылары Қазақстан президентіне видео үндеу жасап, жалақының аздығына шағымданған. Олардың көбі Жаңаөзенде тұрады. Осы қалада тағы бір топ - тұрақты жұмыс орнын ашуды талап еткен жұмыссыз азаматтардың наразылық акциясында тұрғанына ай толды.
Бұған дейін құзырлы орган басшысына «Мемлекеттік төңкеріс» деп аталатын депутаттық сауал жолдаған депутаттар құрбандар тізімінің ашық жариялануын талап етпеген. «Неге? Қашан сұрайсыздар?» дейтін Азаттық тілшісінің сауалына олардың жауабы мынадай.
Жемқорлықпен күрес агенттігі экс президент Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің оффшорлық есепшоттардағы қаржысын Қазақстанға қайтаруға асықпайды. Агенттік төрағасы Марат Ахметжанов қаржыны мемлекетке қайтару үшін құқықтық негіз керек деді. Ол Назарбаев әулетінің есепшоттарына қатысты тергеу бар-жоғы турал
Сейсенбіде Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» компаниясы жұмысын тоқтатты. Жұмысшылар жалақы көбейтуді және «Қаңтар қырығынан» соң ұсталғандарды бостауды талап етіп жатыр. Нұр-Сұлтаннан барған «Қазмұнайгаз» басқарма бастығы Алик Айдарбаев айлықты бес пайыз көтеруді ұсынған, бірақ мұнайшылар оған келіспеді.
37 жастағы қызылордалық Нұрымжан Ақжігітов қаңтар оқиғасы кезінде көзінен жарақат алған. Ауруханада жатқан жерінен 7 қаңтар күні полиция алып кетіп, қамап тастаған. Туыстары Нұрымжанның тергеуде қысым көргенін айтады. Құзырлы органдар Азаттық сауалдарына жауап бермей отыр.
Тағы