Алматыда бір топ белсенді жиналып, 16 желтоқсандағы тәуелсіздік күнін 25 қазанға ауыстыру жөнінде бастама көтерді. Олар "егемендік декларациясы қабылданған күн тәуелсіздікке жол ашты" және "16 желтоқсан – Жаңаөзен мен Желтоқсан оқиғасы қабаттасады, қаралы күні мерекелеудің керегі жоқ" деп отыр.