Алматыда 6 шілде, билікке қарсы бейбіт митинг белгіленген күні, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының маңы қоршалып, аумақта интернет өшіп қалды. Арнайы жасақ шеру жасап жүрмек болған "Демпартия" құрғысы келетін бастамашыл топ пен олардың жақтастарын қоршап, ешқайда өткізбеді.