Денис Ким есімді азамат Оңтүстік Кореяда қайтыс болған әкесінің мәйітін Қазақстанға қайтара алмай отыр. Нәпақа іздеп әкелі-балалы екеуі сол елге барған, бірақ әкесі төрт айдан бері денсаулығы сыр беріп, жұмыс істей алмай жатқан, ақыры 9 қыркүйекте қайтыс болған.