Кейінгі бір айда мемлекеттік жер кадастры базасындағы ақпарат ашылмай қалды. Жер қатынастары жөніндегі заңгер Бақытжан Базарбек мұны саботажға теңеп, қоғам, журналистер ақпарат алудан шектеліп отыр дейді.
Алматы облысы Дәулет ауылында математика пәнінің мұғалімі Жанат Жапақова жеті айдан бері жұмыссыз отыр. Оны мектеп директоры қаңтар айында жұмыстан шығарып жіберген. Мұғалім "жұмыстан заңсыз шыққанын" дәлелдеуге тырысып жүр.
Түркістан облысының тұрғыны Нұрболат Өмірбеков полиция істемеген қылмысты мойындату үшін азаптады деп, ұрып-соққандарды жауапқа тартқызу үшін күресіп жүр.
Саясатқа қайта оралған кәсіпкер Болат Әбілов мен қаржыгер Оразалы Ержанов Қазақстаннан ұрланған қаржыны кері қайтаруды көздейтін "Elge Qaitaru" қоғамдық қорын құрды. Жаңа қор президент Тоқаев атаған "Қазақстан байлығының жартысынан көбін иеленіп алған 162 адамның" аты-жөнін атауды талап етті.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары – елдегі ең ауқатты әулет. Азаттық жаңа зерттеуде Назарбаевтардың астанадағы бұрынғы мемлекеттік резиденциялары мен Алатау баурайындағы Үшқоңыр жайлауының мыңдаған гектар жерін экс-президент отбасының қалай иеленіп отырғанын анықтады.
Өзбекстан билігі 25 маусымда Конституция 66 бабына 170 өзгеріс енгізу үшін жалпы ұлттық референдум өткізетінін жариялады. Өзгерістердің бірнешеуі мемлекет құрамындағы автономиялы республика Қарақалпақстанның егемендігін жойып, бөлініп шығу құқығынан айырады.
Украина мен Ресей тұтқын алмасты. Бұл жолы екі тарап 144-тен жиыны 300-ге жуық сарбазды босатқан. Ал соғыс басталғанда Ресейдің бақылауына өткен Змеиный аралы Украинаға өтті.
Желіде 28 маусым - БАҚ қызметкерлері күнін талқылады.
Мамырдың ортасында Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылданған оқушылар тізімі жарияланды. Бірақ Алматыдағы химия-биология бағытындағы мектепке тапсырған оқушылар байқау әділ болмады дейді.
Желіде "Барыс" хоккей клубы ойыншылары - Линда Вейге жылына 481 млн теңге, ал Никита Михайлиске 401 млн теңге жалақы төлейтінін талқылады.
25 жастағы Ақжол Қилыбаев қаңтарда Семейдегі митингіге қатысқан. Бірер күннен кейін оны полиция әкетіп, тергеуден шыққан күні жас жігіт өзіне қол жұмсаған. Марқұмның шешесі "ұлымды өлімге кім итермелегені анықталмай жатыр" дейді.
Желіде Қызылорда облысы әкімінің 9 млн теңге тұратын сағаты мен оның журналист сұрақтарынан қашуын талқылады.
Желіде Ұлытаудағы ұлттық құрылтайға барып, кіре алмаған адамдардың оқиғасын талқылап жатыр.
Үш жарым айдан бері қамауда отырған белсенді Жанболат Мамайды жақтастары босатуды талап етіп, түрме алдына жиналды. Олар оппозициялық саясаткерді 34 жасқа толған туған күнімен құттықтады.
Желіде жаңадан тағайындалған жоғарғы білім және ғылым министрі Саясат Нұрбектің балалары шетелде оқитыны, ғылым министрінің ғылыми атағы жоқ екені, тіпті діни көзқарасы жайлы талқылады.
Қызылордалық Абзал Шаймерденов 7 қаңтар күні оққа ұшып, қаза тапты. Полиция қызметкерлері Абзал мен достарының көлігіне "комендант сағаты тәртібін бұзды" деп оқ жаудырған. Оқ Абзалдың жүрегіне тиген. Марқұм күтіп жүрген перзентін көре алмай кетті.
Украина-Ресей соғысына 110 күн болды. Батыс барлаушыларының есебінше, екі жақтан да ондаған мың адам қаза тапқан. Халықаралық сарапшылар бұл соғыс әлемге ядролық қарудан төнетін қауіпті күшейте түскенін айтады.
11 маусымда Алматыда бір топ тұрғын жол үстіне шығып, наразылық білдіріп, соңы бір адамның қазасымен аяқталды. Күдікті адам қамауға алынды. Тұрғындар оқиғаның осылай ушығуына әкімдік кінәлі екенін айтады.
Желіде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездескенін талқылады.
Желі жұрты "Тоқаевқа референдум өткізу не үшін қажет болды?" деген сұраққа жауап іздеді.
Тағы