Азаттық вебсайтында «Қазақстандағы ең ықпалды бес әйел кім?» деген тақырыпта форум өткен еді. Бұл сауалға әркім әрқилы тұрғыда жауап беріпті. Біреуі салмақты себеп іздесе, енді бірі «Мен үшін ең ықпалды әйел – біздің үйдегі жеңгелерің» деп, сөзді қалжыңға бұрыпты.