АҚШ-та 5 қараша күні президент сайлауы өтеді. Үміткерлердің сыртқы саясаттағы ұстанымы әлемнің көп елінің саясаты мен сауда және экономикалық қатынасына әсер ететіні анық.
Мүгедектер, әлеуметтік әлсіз топтар ұзақ жыл күтіп, мемлекеттік бағдарламамен алған пәтерлерінде ыстық су мен жылу жоқ. Неге?
Миллиардер Болат Өтемұратовтың иелігіндегі "31-телеарна" мен informburo.kz интернет порталын сатты ма, әлде сыйға тартты ма? Медиахолдингтің жаңа иесі кім? Мемлекет қолдауымен құрылған үкіметтік емес ұйымға телеарна мен ақпараттық портал не үшін керек?
Өткен демалыста Украина мен Ресей бір-бірін тағы да дронмен атқылады. Украина қарулы күштері әуе соққысы салдарынан бірнеше адам қаза тапты деп мәлімдеді.
Украинаның барлау қызметі Ресей биыл қыста Украинаның атом электр станцияларына шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын хабарлады. Зеленский АҚШ-қа “жеңіс жоспарын” алып барды.
Алматылық журналист Қойшыбек Мүбарак — Qazaq Times сайтының бас редакторы. Ол Қаңтар оқиғасынан кейін бірнеше қаланың арасында қатынап, соттардан хабар таратты. Журналист 92 мыңнан аса қолданушы жазылған Youtube-арнасына жариялап жүрген видеоларды өзі түсіреді.
Ресейдің қару-жарақ қоймасындағы жарылыстың салдары әлі талқыланып жатыр. Бұл қойманың Ресей үшін маңызы қандай? Курск облысындағы Украинаның бақылауындағы жерлерде мыңдаған ресейлік қалып қойған. Путин сыртқы істер министрлігімен серіктестік туралы құжатқа қол қоюды бұйырды.
Шымкентте қала әкімдігінің тапсырысымен жаңадан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер құрылысында еңбек еткен ондаған мердігер жұмысшы істеген жұмысына еңбекақы төлеуді талап етті. Олардың алды жеті айдан бері жалақысыз жүргенін айтты. Құрылыс компаниясы "төлейміз" деп уәде береді.
27 тамызда Ресей әскері Украина қалаларына тағы да дрон ұшырып, бірнеше жарылыс болды. Украина президенті Владимир Зеленский соғысты тоқтату жоспары барын, келесі айда оны АҚШ президентіне көрсететінін айтты және Украинаның жаңа баллистикалық зымыран жасап шығарғанын мәлімдеді.
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты алты ауыл тұрғындары қоқыс полигонының алдына жиналып, оның жабылуын талап етті. Жағымсыз иістен зәрезап болдық деген олар басшылықтан мәселені шешу үшін нақты әрекет жасауды талап етті. Ал полигондағылар "санитарлық талаптарға сай жұмыс істеп жатырмыз" дейді.
Алматыдағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының көрермендермен қызмет бөлімінің жұмысшылары театр басшылығы еш ескертусіз жұмыстан шығарғанын айтады.
Журналист, Ne Deidi YouTube-арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрімнің сотында жарыссөз аяқталды. Айыптаушы соттан журналисті кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырып, 3 жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салуды сұрады.
18 шілдеден бастап режиссер Асхат Кучинчерековтың "Бауырына салу" фильмі кинотеатрлардан көрсетіліп жатыр. Әке-шешесінен жырақта өскен баланың күйзелісін көрсеткен фильмнен көрермен әсерленіп шықты. Өзі де осы дәстүрмен ата-әжесінің қолында өскен фильм авторынан Азаттық сұхбат алды.
Қазақстанда Атом электр станциясын салу жөнінде қоғамдық тыңдау жалғасып, жария талқылау жүріп жатыр. Мақсат – жергілікті халыққа станцияның маңызын түсіндіру. Арнайы комиссия 17-18 шілде күндері Атырау мен Орал қалаларында тұрғындармен кездесті.
Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігі шетелден әкелінетін көліктерге утилалымды алып тастау талабын қабылдамағысы келмеді. 15 шілдеде Алматыда өткен қоғамдық тыңдауда ведомства өкілдері осындай алдын ала шешім шығарып, петицияда көрсетілген уәждер шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.
Алматыда бір топ аниматор жеті айдан бері жалақы ала алмай жүргендерін айтып, Қазақфильм киностудиясының алдында наразылық білдірді. Жиналғандар компания директорының шығуын талап етті. Қазақфильм басшылығы мәселені Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына сілтейді.
Алматыда оппозициялық белсенді Айдос Садықовты еске алып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке жиналмақшы болған белсенділердің жолын полиция бөгеді. "Қарағайлы" саябағын жөнделіп жатыр деген полицейлер аумақты қоршап тұрды. Белсенділер мұны әдейі жасалған әрекет деп біледі.
Қазақстан Бас прокуратурасы Киевте оппозициялық белсенді Айдос Садықовқа қастандық жасады деген екі күдіктінің бірі Алтай Жақанбаевтың ұсталғанын хабарлады. Айдос Садықовтың әйелі Наталья Садықова Қазақстанның құзырлы органдарына сенбейді.
Жамбыл облысындағы Отар ауылындағы N30212 әскери бөлімінде жұмбақ жағдайда комаға түскен сарбаз Қордай ауданынан Алматыға жеткізілді. Туыстары сарбазға қойылған диагнозбен де, қозғалған іспен де келіспейді. Президент "істі бақылауда ұстаңдар" деп қорғаныс министрліге тапсырма берді.
16 маусымда Алматыда қоғам қайраткері Мұрат Әуезовті жұртшылық ақтық сапарға шығарып салды. 81 жастағы ғалым ұзаққа созылған дерттен 14 маусымда қайтыс болды. Марқұмды әкесі Мұхтар Әуезовтің зиратының қасына жерледі.
Тағы