Ақтөбе облысы мәслихатының бұрынғы депутаты, жергілікті танымал кәсіпкер, «Емшан» заңды тұлғалар бірлестігі президенті Мейіржан Өндіргенов «алаяқтық» айыбымен 4 жылға сотталды. Үкімде кәсіпкердің миллиондаған доллар қаржысы тәркіленетіні айтылды. Адвокаттар апелляция мәселесін ақылдаспақ.