Қырғызстанда жеңіл өнеркәсіп қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі еді. Бірақ рубльдің сомға шаққанда әлсіреуі Ресейден түсетін тапсырыстардың азаюына әкеліп, экономикаға соққы болды.
Қырғызстан мен Қазақстан компаниялары ресейлік әскери көлік шығаратын кәсіпорындарға санкцияға ілінген, екі мақсатта қолданылатын технологиялар экспорттап келген.