Өзбекстан Шавкат Мирзияев президент болғалы исламға қатысты саясаттың жұмсарғаны және Ауғанстанда биыл тәліптердің билікке келуі Орталық Азиядағы постсоветтік елде исламдану процесін үдетті. Елде қатары азайып бара жатқан орыстар мен өзге де адамдар бұған алаңдап отыр.