Жамбыл облысындағы бес ауданның шаруалары су тапшылығын көріп отыр. Аптап ыстықта алқаптарға су жетпей, кейбірінің еккені қурап қалған. Жамбыл облысына келетін судың 80 пайызы — Қырғызстаннан. Биыл, Қазақстанның дерегінше, көрші елдің қоймасындағы су ондаған есе азайған.