Accessibility links

"Нью Йорк таймс" газеті салғырт қызметкерінің бұрмаушылықтарын түзеуге күш салып жатыр


"Нью Йорк таймс" газетінің тілшісі Джейсон Блейердің ақпаратты үнемі бұрмалайтыны газеттің беделіне нұқсан келтірді. Американдық беделді басылымдардың бірі "Нью Йорк таймс" қызметкерінің бұрмаушылықтарын түзеуге күш салып жатыр. Джейсон Блейер осы газетте жазған тағы 600 мақала тексеріліп жатыр.

"Нью Йорк таймс" газетінің бір қатар өрескел қате жіберген тілшісі Джейсон Блейер бірінші мамыр күні жұмысынан босатылды. Бес күн бұрын оның үстінен Техас штатындағы бір газеттің редакторынан шағым түсті.

Джейсон Блейердің мақаласы Техас штатындағы газеттің мақаласынан айнымайтыны анықталып, ұят жағдай болды. Ол мақалада Ирак соғысында жоғалып кеткен баласынан хабар күтіп жүрген ананың тарихы баяндалады. "Нью-Йорк таймс" газеті бұдан кейін бес журналисіне тапсырма беріп, Джейсон Блейердің былтыр күзде жалпыұлттық бөлімге қызметке тағайындалғанан бергі мақалаларын тексертіп, талай қатені тапты.

Вашингтонда орналасқан Джордж Вашингтон университетінің қоғамдық қатынастар және бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі ассистент профессоры Сеун Удей оқырманның сенімін осыншама бұрмалау американдық газет үшін күйзеліс боп табылады дейді. Оқырманның, көрерменнің не болмаса тыңдаушының сенімі таусылса – бұқаралық ақпарат құралы қаржылай ұтылады, бара бара бизнесін жоғалтады.

"Нью Йорк таймс" газеті мұндай шатаққа тағыда жол бермеуге күш салып жатқанын көрсетсе, Джейсон Блейер редакторды оңайшылықпен алдай алмағанын дәлелдесе оқырман сенімін қайтара алады. Шалағай журналистер жұмыс ағымында редактор бастықтарын оңай алдап келеді, дейді ассистент профессоры Сеун Удей.

- Журналистикада мерзімі шектелген жағдай көп болғандықтан мұндай қауіп әрдайым бар, әлдекім қаласа мұндай қатеге оңай тап болады. Блейер мырза істеген шаруасын жасыру үшін талай өтірікке жүгінді. "Нью Йорк таймс" газетінің жексенбі күнгі мақаласы шындықты бұрмалады, шынайы әрекет жасаған кез келген азамат оны әшкерелей алады. Бірақ мұндай қателерді анықтау үшін көп уақыт пен ұмтылыс керек, редакторлардың қолы оған іс жүзінде тие бермейді. Әсіресе, бұл "Нью Йорк таймс" сияқты газеттерге тән, - дейді ассистент профессор Сеун Удей.

Джордж Вашингтон университетінің ассистент профессоры Сеун Удейдің бұл сараптаумен "Нью-Йорк таймс" газетінің атқарушы редакторы Хауелл Рейнс келісіп отыр. Күнделікті үлкен газеттің ағымында редакторлар Джейсон Блейер сияқты тұлғаларды аңдып отыруға міндетті емес, дейді Хауелл Рейнс.

- Журналистік құндылықтар қатаң белгілеген сенімді тең бөлісіп, ынтымақ пен өз ара үйлесімдікте жұмыс істеп отырған азаматтардың қолжазбаларынан кездейсоқ не болмаса байқаусыз қателерді іздеу және табу редактордың міндеті емес. Бұл жүйе өтірікті таратуды не болмаса жалған ақпаратты газетке орналастыруды тапсырмайды, - дейді "Нью-Йорк таймс" газетінің атқарушы редакторы Хауелл Рейнс.

Алайда, ассистент профессор Сеун Удей редактор Хауелл Рейнспен келіспейді. Джейсон Блейердің арзан сөзге бейім екенін төменгі буындағы редакторлар ертеректе ескерткені анықталды. Жоғары буындағы басшылар оған назар аудармаған, Джейсон Блейерді өткен күзде басқа бөлімге ауыстырып, жалпыұлттық мағнадағы тақырыптарды қамтуды тапсырған. Жұмыс сапасын қадағалауда салғырттық жасап, "Нью Йорк таймс" газетінің басшылары жалпы газетке нұқсан келтірді дейді ассистент профессор Сеун Удей.

Шындығында, Америка Құрама Штаттарында журналистің тәуелсіздігін іс жүзінде жетектейтін арнайы заң жоқ. Тек жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға не болмаса қоғамдық мекемелерге зиян жасауға тиым салынған. Бұл шектеудің өзі қылмыс туралы заңдарда емес, азаматтық заңдарда жазылған. Журналистің қызметіне заң тұрғысынан шектеу жасау АҚШ конституциясының бірінші қосымшасында нақты белгіленген.
XS
SM
MD
LG