Украинадағы саяси дағдарыс онсыз да шатқаяқтап тұрған ел экономикасына қиын соқты. Сарапшылар жағдайдың тереңдей беретінін айтады.
Өткен жылдың соңында ҰҚК Stan.kz бейнепорталының кеңсесін тінтті. Журналистер бүгін комитеттен заттарды қайтаруды сұрады.
Шетелдік басылым Ауғанстандағы әскерді қамтамасыз ету үшін АҚШ-тың Орталық Азия елдерімен сауда қатынастарын күшейтіп жатқанын жазды. Бірақ бұл елдердің басшылары бұл жобаны жеңіл жолмен пайда табудың көзі деп қана біледі.
Мамырдың 30-ынан 31-іне ауған түні Астана уақытымен сағат 3:20 шамасында Алматы маңында жер сілкінді. Сейсмология институты зілзала кіндігі Алматыдан 150 шақырым жердегі Көкпек асуы болғандығын хабарлады. Онда зілзала қуаты 6-7 балл болса, Алматының өзінде – 4 балл болған.
Наурыздың 14-і күні The Eurasia View («Еуразия вью») басылымы Қарашығанақ кенішінің дәл қасындағы Березовка ауылының жанжалына қатысты мақала жазды. Березовка тұрғындары 2002 жылдан бері денсаулыққа қауіпті газдан қашып, заңды түрде басқа жаққа қоныс аудара алмай кеніштің иелерімен соттасып жатыр.
Маусымның 27-күні Қазақстандағы кейбір саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, егер де алдағы президент сайлауы әділетсіз өтсе, оның ақыры Қазақстанда үлкен саяси дағдарысқа әкеліп соқтыруы мүмкін екенін мәлімдеді.
Түркіменстан шетелдік банкының бұрынғы төрағасы, бұрынғы вице-премьер Йоллы Құрбанмұрадов қазір абақтыда отыр. Кезінде миллиардтаған қаржылы мұнай және газ өндірісі саласына жауапты болғaн Құрбанмұрадовқа өте үлкен айып тағылып отыр.
“Алматы Пауэр Консалитед” акционерлік қоғамының төңірегінде қалыптасқан ахуал апта соңында жарық көрген басылымдардың баса назар аударған тақырыбына айналып отыр. Мерзімді басылымдарда келтірілген мәліметтерге жүгінсек, бүгінгі таңда бұл компанияның кредиторлық қарызы 19 миллиард теңгені құрайды екен.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, соңғы уақытта Қазақстанға Қытайдан заңсыз келушілер саны артқан. Министрлік деректері олардың арасында қытай ұлтының өкілдері көп екенін атап көрсетеді.
Осы жылдың көкек айында «Қазақстан Респбуликасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені мәлім. Ол өзгерістердің кейбірі қоғам өкілдері тарапынан қызу пікірталас тудырғаны белгілі. Ол - сайлау алды үгіт жүргізу мерзімі аяқталған кезден бастап сайлау қортындылары ресми жарияланғанға дейін қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделерді білдірудің және қарсылықтың кез-келген түріне жол берілмейді деген және басқа да өзгерістерге қатысты болды. Осы заң төңірегіндегі даулы пікірлер әлі басылмай келеді.
Қазақстанның Ұлттық банкі таратқан ресми ақпараты бойынша, маусымның 24-күні АҚШ-тың 1 долларының құны 136 теңгені құрады. Ал осыдан бірнеше күн бұрын оның құны 133 теңге болатын. Соңғы аптада доллар бағамы бірнеше сатыға көтерілді.
Тағы